Константин Паустовский

Константин Паустовский Георгиевич (31.5.1892, Мәскеу, - 14.7.1968, сонда, қалуға облысындағы Тарус қаласында жерленді) – орыс совет жазушысы. «Суда» атты алғаш жазған әңгімесі 1912 жылы жарияланды. Киев унивеситетінде оқыды (1911-13). 1917 жылдан кейін РОСТА мен ТАСС-та (1924-29) қызмет етті. Паустовскийдің алғашқы шығармалары – «Теңіз нобайлары» (1925) «Минетоздар» (1927) т.б. әңгіме, очерктер жинағы, «Жаркыраған ақша бұлттар» (1929) романы. Оның атын шығарған шығарма –«Қара бұғаз» (1932) повесі. 30 жылдары «Колхида» (1934), «Қара теңіз» (1936), «Солтүстік повесі» (1939) т.б. повестері мен «Исаак Левитан» (1937), «Тарас Шевченко» (1939) т.б.биографиялық циклге кірісіп, оның «Алыстағы жылдар» (1945), «Мазасыз жасытқ шақ» (1955), «Тылсым ғасырдың басы» (1957), «Зор үміт шағы» (1959), «Оңтүстікке талпыныс» (1960), «Көзбелер кітабы» (1963) бөлімдерін аяқтады. «Алтын раушан» (1955) бөлімдерін атты романы «жазушы еңбегінің тамаша мәнін» бейнелейді. Паустовский шығармалары көптеген шетел тілдеріне аударылды. Қазақ тілінде шетел тілдеріне аударылды. Қазақ тілінде «Қара бұғақ » (1935), «Телегей тасқын» (1973) атты повестер мен әңгімелер жинақтары щықты. Ленин орденімен, басқа 2 орденімен жіне медальдармен марапатталған.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: