Ник Вуйчич

Ни́к (Ни́колас) Вуйчич (ағылш. Nicholas James Vujicic) – кәсіби мотивациялық оратор, сирек кездесетін синдром тетра-амелия деп аталатын ауру түрімен туылған.

Ник Вуйчичтың өз сөзіне сүйенетін болсақ, ол ешқандай да дінге, шіркеуге, діни конфессияға қатысы жоқ.

"Менің максатым-адамдарға өз жолын табуға көмектесу"-деді Ник.
Өмірбаяны

Ол 1982 жылы 4 желтоқсанда Австралияның Брисбен қаласында Борис Вуйчич пен Душка Вуйчич отбасында дүниеге келген. Ол екі қолы және екі аяғы жоқ болғанына қарамастан дені сау бала болып өмір есігін ашқан.Сондықтан да ата-анасының талабы бойынша ол мүгедектерге арналған емес, қарапайым мектепте білім алған. 10 жасқа толған кезінде сыныптастары тарапынан көрген қорлыққа шыдамай суға батып өлмек те болыпты. Алайда оны жақындарының қандай азап тартатыны туралы ой тоқтатқан екен. Ол физикалық тұрғыдан кемістіктеріне қарамастан серфингпен айналысуға, скейтборд тебуге құмар болады. Гольф ойнағанды ұнатады. Ол есепші (бухгалтер) және қаржыгер мамандықтары бойынша екі жоғарғы оқу орнын 21 жасында тәмамдаған. 19 жасынан бастап студенттер, баларлар алдында өз өмірі туралы айтып, жастарды өмірді сүюге тәрбиелей бастаған.

Ал 2005 жылы ол «Ең жас автралиялық азамат» атағын иеленді. Бұл Австралияда өте мәртебелі атақ болып саналады. 1999 жылы «Жизнь без конечностей»(ағылш. Life without Limbs) деп аталатын ұйым құрған. «Attitude Is Altitude» деген қоғамдық маңызы бар мәселелерді көтеретін компанияның президенті. Сонымен қатар бүгінгі таңда әлемнің 5 құрлығы мен 70-тен астам мемлекетін аралап, жарымжан жандар үшін қандай жағдайда да өмір сүру керек екендігі жайында баяндамалар оқыған. Әлемнің елдерін аралап мектептер мен университеттерде өнер көрсетіп, көптеген адамдардың жүрегіне үміт отын ұялата білген Ник Вуйчич жастардың өмір мәнін түсінулеріне түрткі болған атақты тұлға. Аяқ жағындағы кішкене саусақтары көмегімен компьютерде 1 минутта 43 сөз теру арқылы өзінің өмірі және мүгедек жандардың жағдайы туралы «Жизнь без границ» (Life Without Limits: Inspiration for a Ridiculously Good Life) деген сияқты бірнеше кітап жазып шығарған.Сонымен қатар көптеген телешоуларға қатысқан,2009 жылы «Цирк бабочек» («The Butterfly Circus») деген мүгедек жанның тағдыры туралы фильмге де түскен. Қолы жоқ бола тұра 1 сағатта 1749 адамды құшақтап әлемдік рекорд орнатқан болатын.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: