Ақмаржан Таубаева‎

Ақмаржан Таубаева - ақын, журналист. 1958 ж.17 қараша Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Қандық аулында дүниеге келген. 2001 жылы «Жайықтың ақ самалы» тұңғыш жыр жинағы жарық көрді. «Нұр апасы Жайықтың», «Асыл арқау», «Ұстаздар әлемі» жинақтары шыққан. Өлеңдері «Қазақстан әдебиеті - 2000» байқауы қорытындысы бойынша «Күміс күйме» жинағына кіргізілген. 1976-1979 жылы Орал педагогикалық училищесінде оқыған. 1979-81 жылдары Қандық негізгі орта мектебінде бастауыш класс мұғалімі. 1983 жылдан ҚР Журналистер Одағының мүшесі, «Жайық ұстазы» газетінің бас редакторы. 1981-1990 жылдары Ақжайық аудандық, облыстық "Орал өңірі" газеттерінің қызметкері. 1985 жылы Орал пединститутын бітірген. 1990-94 жылдары Алматы қаласындағы Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы. Қазақстан Жастар Одағында баспасөз хатшысы. 1994-1996 жж. Алматы қаласы Бостандық аудандық "Қазақ тілі" қоғамының жауапты хатшысы.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: