Николай Чернышевский

Николай Гаврилович Чернышевский (24.7.1828, Саратов қ. — 29.10.1889, сонда) — Ресей философы, публицист, жазушы, әдебиет сыншысы.

Саратов діни семинариясында (1842 — 45), Санкт-Петербург ун-тінің тарих-филол. бөлімінде оқыған (1846 — 50). Ч. ун-тте оқып жүрген кезінде өз бетімен білімін жетілдірумен шұғылданып, тарих (Ф.Гизо, Ж.Мишле), философия (Г.Гегель және Л.Фейербах), социология (А.Сен-Симон, Ш.Фурье) туралы еңбектерді мұқият зерттеді. Ч. көзқарасының қалыптасуына орыс әдебиетшілері А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, Н.В. Гоголь, т.б. үлкен ықпал етті. “Отечественные записки” (1853) журналында мақалаларымен көрінген Ч-ді Н.А. Некрасов “Современник” журналына тұрақты қызметке шақырды. Осында жүріп 1855 ж. “ґнердің болмысқа эстетикалық қатынасы” деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Сол жылы “Орыс әдебиетінің Гогольдік дәуірінің очерктері” атты еңбегін жариялады. В.Г. Белинскийдің әдеби-сын саласындағы дәстүрін жалғастырған ол бірте-бірте журналдың идеялық жетекшілерінің біріне айналды. Осы журналда жүріп Н.А. Добролюбов, Некрасовпен бірге Ресейдегі қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, саяси, экон., тарихи және әдеби шығармалар жариялады. А.И. Герценмен саяси байланыста болуы себепті 1862 ж. тұтқындалып, Петропавл қамалына жабылды.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: