Бауыржан ЖАҚЫП

Жақып Бауыржан Өміржанұлы - филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Өміржанұлы Жақып 1963 жылы 1 мамырда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы Аққора ауылында туған.

1985 жылы қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.

1986 жылдан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқытушылық қызметте болды. 1986-1988 жылдары стажер-зерттеуші, 1988-1991 жылдары ассистент, 1991-1994 жылдары аға оқытушы, 1994-1995 жылдары доцент. 1995-2001 жылдары деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары, журналистік шеберлік және әдеби редакциялау кафедрасының меңгерушісі, баспа ісі кафедрасының меңгерушісі, мерзімді баспасөз кафедрасының меңгерушісі, 2001-2009 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің деканы.

2009 жылдың 20 қаңтарынан «Қазақ энциклопедиясының» Бас директоры - бас редакторы.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: