Қатира Жәленова

1951 жылы 22 сәуірде Шиелі ауданының Ақмия ауылында дүниеге келген. Қазақ Мемлекеттік университетін 1973 жылы бітірген. 1973-93 жылдары Қазақ радиосында редакторлық қызметте болды.

Тұңғыш жинағы 1978 жылы «Кел, махаббат» деген атпен жарық көрді. Оның өлеңдері республикалық газет- журналдарда жарияланды. «Аңсаған менің әнімсің» (1981), «Ақ гүлдер» (1989) өлеңдер жинағы жарыққа шықты. Ақынның бір топ өлеңдері «Разбег» (1986) атты ұжымдық жинақта орыс тілінде басылып шықты. Тәжік ақыны Гүлчехра Сүлейменованың «Қырық бұрым» (1983) өлеңдер жинағын қазақ тіліне аударған.

1979 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық жас ақын-жазушылардың кеңесіне, Түрік дүниесі поэзиясы ІІ- фестиваліне қатысқан. Республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты, Абайдың 150 жылдығына арналған ақындар мүшәйрасының жүлдегері. Облыс әкімінің екі мәрте стипендиаты.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: