Бижан Қалмағанбетов

Қалмағанбетов Бижан Қуанышкерейұлы 1961 жылы 21 қыркүйекте Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылында дүниеге келген. Туған ауылында 1976 жылы орта мектепті бітірген соң, 1976-1979 жылдары №101 Атырау кəсіптік-техникалық училищесінде, кейін 1979-1984 жылдарда Қарағанды индустриалды-педагогикалық техникумында білім алған. 1980-1982 жылдары Кеңес армиясы қатарында қызмет атқарған. Кәсіби еңбек жолын 1984 жылы Ақтөбе қаласындағы №8 Кəсіптік-техникалық училищеде бастап, онда өндірістік оқу шебері-ұстаз және директордың тəрбие жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарған. Ал, 1999-2004 жылдары «Қайнар» университетінде білім алып, жоғары білімді заңгер мамандығын тәмамдаған.
Бижан Қалмағанбетовтың өміріндегі үлкен өзгеріс 1991 жылы кәсіпкерлікке бет бұрғаннан басталған-ды. Өзінің біліктілігінің арқасында 1996 – 2002 жылдар аралығында «Алланды» компаниясының вице-президенті болып жұмыс атқарды. Сондай-ақ ол - 2006 жылы «ЗапКазстройИнвест» ЖШС негізін қалады. Кәсіпкерлік саласында өзі құрылтайшы болып отырған компания жұмысын қарқынды дамытып, нәтижесінде еліміздегі орта кәсіпкерлікті дамытуға өз үлесін қосып жүр. Бір сөзбен айтқанда, көпшілікке әлеуметтік қызмет көрсетуден де қалыс қалмаған азамат, білікті кәсіпкер, танымал меценат.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері:

ӘН
ІЗ
ОТ