Гүлнәр Уәлиоллақызы

Гүлнәр 1970 жылы Тарбағатай аймағындағы Дөрбілжін ауданының Қорымсу ауылында дүниеге келген. 1991 жылы Орталық Ұлттар университетінің ұлттық тіл-әдебиеті факультетінде білім алып шыққан ол баспасөзде қызмет етуді таңдады. Алғаш Шәуешек қалалық радио-телевизия мекемесінде қызмет етті. Қазір Шыңжаң радио-телевизия саласында жұмыс істейді. Гүлнәр Уәлиоллақызы 1990 жылы университет қабырғасында жүріп алғашқы өлеңін жариялаған болатын. Гүлнәрдің «Көк шыт» атты тұңғыш өлеңдер жинағы 2004 жылы Орталық Ұлттар баспасынан жарық көрді.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: