Шәмшабану Қамзақызы

1940 жылы Тарбағатай аймағының Шәуешек ауданында дүниеге келген. 1955-59 жылдары Шыңжаң институтының әдебиет факультетін бітіріп, 1959- 62 жылдары Үрімжі қалалық өнеркәсіп техникумында оқытушы болды. 1962-70 жылдары «Шыңжаң жастар баспасында» редактор, 1970-78 жылдары Бұраталаның Жың ауданында оқытушы, 1978- 84 жылдары Үрімжі қалалық 14-орта мектепте оқытушы, 1984-98 жылдары Шыңжаң оқу-ағарту институтында оқытушы болып доцент атағын алды. Осылайша, ақын Шәмшабану өз өмірінің жарты ғасырын қазақ жастарының оқып, білім алуына арнады.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: