👈 қаріп өлшемі 👉

Алмажан Азаматқызы

Алмажан Азаматқызы (1823, қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы Бекетай-Бесқасқа ауылы — өлген жылы белгісіз) — ақын. Әкесі Азамат 1836 — 37 жылдары Исатай-Махамбет бастаған шаруалар көтерілісіне қатысып, шайқаста қаза тапқан. Алмажан жастайынан өлең шығарып, ақын қыз атанады. Бірақ сақталып қалған шығармасы — “Жетім қыз” дастаны. Дастан әділетсіз әкімдердің жетім-жесірлерге жасаған зорлық-зомбылығы әшкереленеді. “Жетім қыздың” басты кейіпкері — Алмажанның өзі. Оқиға 2-жақтан баяндалады, аракідік қарасөзбен баяндауы бар. Дастанның сюжет желісіне әкесі Азамат қайтыс болғаннан кейін жетім қалған 14 жасар қыз бен 7 жасар ұлға Нарындағы билік иелері тарапынан жасалған зардаптар, Жәңгір ханға арызданбақшы болғанда көрген қиыншылықтары негіз етіп алынған. Дастанда әділдік іздеп күрескен жетім қыздың өршіл тұлғасы сомдалған.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері:


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы