👈 қаріп өлшемі 👉

Антон Макаренко

Антон Семенович Макаренко (1888-1939) - кеңестік педагог. Педогогика тәжірибедегі бұрын болмаған қараусыз калған жетім балаларды жалпылай қайта тәрбиелеудің тәжірибесін жүзеге асырды. Авторитарлық пен анархизмге бағытталған тәрбие теориясын сынаған. Өз жұмысында тұлға мен қоғамның диалектикалық бірлігі және адамның шығармашылық күшіне деген сенім қағидасын басшылыққа алды. Балалардың оқуы мен оларды еркін өндірістік шығармашылық жұмыспен тәрбиелеуді біріктіре алды. Ұжымдық тәрбие теоретиктерінің бірі, ол: ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу; тұлғаны сыйлау мен оған талап қою; параллельді әрекет ету қағидаларын жасаушы. Отбасылық тәрбие теориясын дамытқан. Адамгершілікке тәрбиелеу үшін бала бойында жауапкершілікті, жігерді, намысты, мінезді және тәртіпті тәрбиелеу керек деп түсінген. Жыныстық тәрбие мәселесін азаматты тәрбиелеудің жалпы жүйесінен бөлмеуді ұсынған.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері:


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы