👈 қаріп өлшемі 👉

Рауан Қабидолдин

Рауан Ержанұлы Қабидолдин (1989 жылы туған) — ақын, журналист

Өмірбаяны
Ақын 1989 жылы 14 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының Шыңғыстай ауылында дүниеге келген. 2011 жылы академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдаған. Өлеңдері облыстық, республикалық басылымдарда жарияланып тұрады. Қазір аталмыш университеттің екінші курс магистранты. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты.

Республикалық М.Мақатаев мүшайрасының жүлдегері ( 1-орын). 2013 жылы «Жылдың үздік ақыны» (Қарағанды облысы), Қарағанды қаласы әкімінің «Дарын» сыйлығының иегері(2007). «Ақ қайың болсын есімің...» жыр жинағының авторы(2014). Бүгінгі таңда «Орталық Қазақстан» газетінің тілшісі.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы