Гүлайым Дәуітбаева

Дәуітбаева Гүлайым Шынтемірқызы 1976 жылы 17 тамызда Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Сам құмында туған. 2001 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін бітірген. Облысымыздың мәдениет саласында, облыстық «Маңғыстау» газетінде жұмыс жасаған. Қазір республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі.
Өлеңдері республикалық «Егемен Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Қазақстан әйелдері» журналында және облыстық газеттерде жарияланып келеді. Облыстық деңгейдегі жыр байқауларының жүлдегері, Шотан, Сүйінғара батырлардың мерейтойларына қатысты ұйымдастырылған республикалық мүшәйралардың, «Каспий – достық теңізі» халықаралық фестивалі аясында өткен республикалық жыр додасының жеңімпазы.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: