Уәйіс Қайралапов

Уәйіс Қайралапов – 1927 жылы14 наурызда Ақтөбе облысы Байғанин ауданының Ақжар елді мекенінде дүниеге келген.
1948 жылы Ақтөбе қаласындағы Нұрпейіс Байғанин атындағы мемлекеттік оқытушылар институтының қазақ тілі және қазақ әдебиеті факультетін, 1958 жылы Қызылорда қаласындағы Н.В. Гоголь атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының тарих факультетін үздік дипломдармен бітірген. Ұстаздық еңбек жолын Маңғыстау облысы Форт – Шевченко қаласындағы М.Горький атындағы орта мектепте бастаған. Оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры, Форт – Шевченко қалалық, Маңғыстау және Бейнеу аудандық оқу бөлімдерінің меңгерушісі болды.
Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: