Кете Жүсіп Ешниязұлы

Кете Жүсіп Ешниязұлы (1871, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы – 1937) – ақын, әнші. Әкесі Ешнияз Сал Жөнелдікұлы (1834 – 1902) белгілі айтыс ақыны, әнші болған. Әлімұлы тайпасының Кете руынан шыққан.

А.Затаевич “Қазақтың 1000 әні” атты жинағында (Орынбор, 1925) Ешнияздың алты әнін жариялаған. Әке өнегесін жалғастырған Кете Жүсіпон төрт жасынан жыр айтып, ән салды. Өлеңді жазып та, суырып салып та шығарады. Шәкей сал, Ырысты қыз, Қалыш келіншек, Қаңлы Жүсіп, Құлназар, т.б. сыр бойының ақындарымен айтысы, “Шаїзада” (1911), “Сұр мерген” (1915) атты дастандары бар. Кете Жүсіпкеңестік кезеңде де көптеген шығармалармен бірге “Барымта” (1923), “Өткен заман” (1925) атты поэмаларын жазды. Оның өлеңдері (“Бүркіттің сыны”, “Әлеумет келді жиналып”, “Өсиет”, “Білімді туған артық перизатым”) шымыр ұйқастарымен, тақырып ауқымдылығымен, тәрбиелік мәнімен құнды.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: