Серікжан Қажи

Серікжан Қажи Тоқайұлы - 1957 жылы 9 қарашада Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыжаз ауылында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ педагогика институтының (қазіргі АлМУ) физика факультетін 1979 жылы бітірген. Орта мектепте физика пәнінің мүғалімі, 1983— 1985 жылдары Райымбек аудандық комсомол комитетінің ІІ хатшысы, 1985—1987 жылдары ағарту қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитетінің төрағасы, 1987 — 1991 жылдары аудандық партия комитетінің нүсқаушысы, 1991 — 1993 жылдары мектеп директоры, 1995—1998 жылдары Алматы облысы, Қарасай аудандық «Заман жартысы» газетінің бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, 1997 — 2002 жылдары аудан әкімі аппаратының бас маманы болып қызмет еткен. 2002 — 2005 жылдары республикалық «Ана тілі» газетінің тілшісі, «Өлке» баспасының редакторы. 2005 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының әдеби кеңесшісі қызметіне. Алматы қаласы әкімдігі ұйымдастырған Абайдың туған күніне арналған жыр мүшәйрасының бас жүлдесіне ие болған, сондай-ақ республикалық өзге де мүшәйралардың жүлдегері атанған.

Өлеңдері 1976 жылдан бастап мерзімді баспасөз беттерінде үнемі жарияланып келеді. Алғашқы өлеңдері «Жалын» баспасынан шыққан «Қарлығаш» ұжымдық (1995) жинағына енген. «Мен даланың ұлымын» (1998), «Жүрегімнің дүрсілі» (2001), «Іле-басы бөктерінде» (2005), «Жан нұры» (2007), «Күн бесінге құлағанда» (2009) жыр жинақтарының авторы.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: