Болат Жетекбай

Болат Жетекбай (4 мамыр, 1964 жыл, Түркменстан, Шағадам-Красноводск (қазіргі Түркменстанның уалаяты) өңірі, Қошоба ауылы) - ақын.

1987 жылы әлФараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінің журналистика факультетін тамамдаған.

Әр жылдары «Алматы ақшамы», «Азия», «Қазақ әдебиеті», «Қазақ елі» сияқты республикалық газеттерде, 1986–1990 жж. Красноводск ауданында қазақ тілінде шығатын «Жұмысшы» газетінде, 2000 жылдан Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясында аға маман, ғылыми қызметкер болып қызмет еткен. Қазіргі кезде «Қазақфильм» киностудиясында еңбек етуде.

1996 жылы «Жазушы» баспасынан «Күндіз аққан жұлдыздар» атты жыр жинағы жарық көрген.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: