Марат Нұрқалиев

Арпалысқа толы қым-қуыт өмірде отыз үш жыл ғана ғұмыр кешкен Марат Нұрқалиев нағыз сайыпқыран қазақ еді. Прозашы, ақын, журналист, домбырашы, гитарашы, әнші, аудармашы, суретші. Әсіресе сатиралық туындылары кімді болсын елең еткізбей қоймайтын, екі тілде бірдей жазатын Мараттың соңында қалған әдеби мұрасының денін осы жинаққа енгіздік. Өмірдің небір нәзік иірімдерімен адам мінездеріне терең бойлауы бәрімізді де таңқалдырғандай. Мараттың ерекше бір қыры: өте байқағыштығы, тым сезімталдығы.
Кітапқа ой көзімен үңілген жан өзгеше әлемге араласқандай күй кешетіні бар.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: