Сəбит Бексейіт

Сәбит Бексейіт - 1950 жылы 20 ақпанда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданының Атасу кентінде туған. 1972 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдаған.
«Орталық Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер болып еңбек жолын бастаған. Бұқаралық ақпарат құралдарында, Қарағанды радиосында, Ақмола, Қарағанды облыстық және аудандық газеттерінің редакцияларында қызмет еткен. Қазір Қарағанды облысы әкімінің аппаратында бас маман.
Ақынның жыр топтамалары ХХ ғасырдың жетпісінші жылдарынан бері республикалық «Жалын», «Жұлдыз», «Қазақ әдебиеті» сияқты әдебикөркем басылымдарда, облыстық баспасөзде және ұжымдық жинақтарда жарық көріп келеді. 2000–2003 жж. аралығында Астанадан, Қарағандыдан, Алматыдан «Ғасыркешу», «Күннің шалқуы», «Келешек керемет», «Ел үмітін ер ақтар», «Құт қонған Қарағанды», «Ғасырластарым», «Рамазан мерген және оның әулеті», «Астана уақыты», «Назымнасыр» атты кітаптары жарық көрген. 1997 жылы Елбасының «Елім менің» атты жүрекжарды жырын орыс тіліне аударған. Сондайақ, А.Плещеевтің, А.Вознесенскийдің, Э.Межелайтистің, Ю.Марцинкявичюстің бірнеше шығармаларын қазақ тіліне, Ұ.Есдәулеттің бір топ өлеңдерін орыс тіліне аударған.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: