Жұмағали Саин

Жұмағали Саин (1912 жылы қазіргі Көкшетау облысының Арықбалық ауданында туған, 1961 жылы 28 мамырда қайтыс болған ) - ақын.

Совет тәрбиесінде өскен, 1940 жылдан коммунист Жұмағали советтік өмір мектебінде, әдеби дәстүрінде есейіп қалыптасты. Алайда ол ақындық өнерге бала жасынан үйір болды. Көкшетау аймағы — Біржанның, Орынбай ақынның, соқыр Тоғжанның, Ақан серінің, Балуан Шолақтың, үкілі Ыбырайдың мекені. Ол ән-жыр, сөз өнері, музыка өнері, рухани өнер ұялаған, бәрінің ырысы болған мекен. Жұмағалидың ауылдас ағасы Иса Ақан сері, Ыбырайлардың жолын қуған асқан әнші, домбырашы екен. Әріден келе жатқан өлең мен ән құдіреті Иса арқылы бала Жұмағалиға дарыған.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: