Александр Лосев

Александр Федорович Лосев (1893–1988) – орыс философы. Мамандығы бойынша – филолог. Мамандар «классикалық орыс филологиясының соңғы өкілі» деп санайды. Мəскеу университетін тəмамдаған. Жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдары тұтқындалып, Беломорканал құрылысына жегіледі. Жазасын мерзімінен бұрын өтеп, қамаудан 1933 жылы босатылады. Одан кейін жиырма жыл бойы тек филология пəнін оқытумен ғана шұғылданады. 50-ші жылдардан бастап жариялана бастағанның өзінде 400-ден астам ғылыми еңбек шығарған. Олардың арасында – «Антикалық эстетика тарихы» атты сегіз томдық шоқтықты туындысы да бар.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: