Поль-Мишель Фуко

Поль-Мишель Фуко (1926–1984) – француз философы, Постструктурализм ағымының өкілі. Тарихшы мəдениет теоретигі һəм психолог ретінде танылған. «Классикалық дəуірдегі ақылсыздық тарихы» (1961), «Клиниканың пайда болуы» (1963), «Гуманитарлық ғылымдар археологиясы» (1966). «Сөз бен зат» (1966), «Білім археологиясы» (1969), «Білімге құштарлық» («Воля к знанию») (1976) деген жəне басқа еңбектер жазған. 1926 жылы 15-қазанда Пуатье қаласында дүниеге келіпті. 1946–51 жылдары Париждегі Жоғары Қалыпты мектепте дəріс алған. 1948 жылы Сорбонн университетінің философия саласындағы лицентиаты атанады. 1952 жылы психология бойынша да осындай атақ алады һəм Париж психология институтының дипломына ие болады. Бір назар аударатын жəй: 1950 жылы басқа да бірқатар француз интеллектуалдарына еріп өз елінің коммунистік партиясықатарына өткен, бірақ үш жылдан кейін коммунизм идеясын мүлдем мансұқ етіп, партиядан қайта шығады. 1952 жылы Əулие Анна клиникасына психолог болып орналасады. Одан кейін КлермонФерана жəне Париж университеттерінде, кейбір шетелдік оқу орындарында (Тунис) дəріс береді. 1970–1982 жылдары Колледж де Франстың ой жүйелері кафедрасында еңбек еткен. Ғасыр дерті атанған СПИД құрбандарының бірі.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: