Серік Ақсұңқарұлы

Серік Ақсұңқарұлы 1950 жылы 29 наурызда Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, «Қызыларай» ұжымшарында дүниеге келген. Қарағанды педагогикалық институтында, әлФараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде оқыған. Ақтоғай аудандық «Арқа еңбеккері», Қарқаралы аудандық «Коммунизм таңы» газеттерінде тілші, бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағы ҚарағандыЖезқазған облысаралық бөлімшесінің жауапты хатшысы болып қызмет атқарған. Қазір облыстық «Орталық Қазақстан» газеті бас редакторының әдебиет жөніндегі кеңесшісі. Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық филиалының директоры.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: