Ескермес Жақсымбетұлы

Ескермес Жақсымбетұлы (6 тамыз 1948 жыл, Түркістан облысы, Созақ ауданы, Қарақұр ауылы) — ақын, жазушы, мұғалім.

1962 жылы Қарақұрдағы Панфилов атындағы сегізжылдық мектебін бітіріп, отбасы жағдайымен Орал облысы, Шыңғырлау ауданы, Ақтау совхозының Марксизм бөлімшесіне көшіп барады. Осы жылы батыста қазақ мектептері жаппай жабылып, Белогордағы жетінші орыс сыныбынан бастап оқуға тура келеді. 1965 жылы Белогорда 8-орыс сыныбын бітіреді.
1967 жылы Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауылында Алтынсарин атындағы орта мектепті аяқтап, Алматыдағы ҚазМУ-дің филология факультетіне оқуға түседі.
1972-73 жылдары Қазақтың мемлекеттік радио комитетінде редактор болады.
1973-74-жылдары республикалық жастар газеті - «Лениншіл жаста» (қазіргі "Жас Алаш" газеті) әдеби қызметкер болып қызмет атқарады,
1974 жылы - отбасы жағдайымен ауылына келіп, Энгельс атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болады.
1996 жылы жеңілдікпен зейнетке шығады.
1997-98 жылдары облыстық «Айғақ» газетінің Созақ ауданындағы меншікті тілшісі болады.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: