Ербол Шаймерденұлы

Ербол Шаймерденұлы Шаймерден (12 мамыр 1954 жыл, Жаңажол ауылы, Жамбыл ауданы, Солтүстік Қазақстан облысы - 13 желтоқсан 2012 жыл, Астана қаласы) — ақын, жазушы-публицист, рәмізтанушы, мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, “Құрмет” орденінің иегері, М. Дулатұлы атындағы сыйлықтың лауреаты. Қазақстан Республикасындағы алғашқы баспасөз қызметін ұйымдастырушыларының бірі.

Қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика (ҚазҰУ) факультетін (1971-1976 жж.) және С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетін (ҚазАТУ) бітірген.

"Солтүстік Қазақстан", "Жас Алаш" және "Егемен Қазақстан" газеттерінде қызмет істеген. Мәдениет, ақпарат және қомғамдық келісім министрлігі Тілдерді дамыту департаментінің директоры қызметін атқарған.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: