👈 қаріп өлшемі 👉

Сарбас Ақтаев

Сарбас Ақтаев - 1934 жылы 30 қыркүйекте Көкшетау облысының Көкшетау ауданындағы Жылымды ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін аудандық " Колхоз жолы" газетінде жауапты хатшы болып қызмет атқарған.1957 жылы Қарағанды педагогика институтын бітіріп, сегіз жылдық мектепте бір жылдай ұстаздық еткен. 1958 жылы Көкшетау облыстық газетінің редакциясына қызметке ауысқан ол одан бері баспасөз саласында үзбей еңбек етіп келеді. Республикалық саяси сықақ журналы "Ара-Шмель" редакциясында фельетоншы, Алматы облыстық "Жетісу" газетінде бірқатар жыл редактордың орынбасары, бірінші орынбасары, он жеті жыл бойы "Егемен Қазақстан" газеті редакторының орынбасары, "Халық кеңесі" газетінің Бас редакторы, "Ақиқат" журналының Бас редакторы болып қызмет еткен. Қазір "Ақиқат" журналының бөлім редакторы. Әдебиеттегі алғашқы қадамын өлеңмен бастаған ол әдебиеттің әр саласына атсалысып келеді. Ш. Уәлиханов атындағы университеттің Құрметті профессоры.

Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері:


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы