Николай Рерих

Николай Константинович Рерих — орыс кескіндемешісі. 1893-1897 ж. Петербург Көркемсурет академиясында оқыды. 1909 жылдан академик. Славян археолоисы саласында еңбек еткен. Алғашқы шығармашылығы кезеңінде Ежелгі Русьтің поэтикалық көріністерін жасады. Кейіннен сәнділік пен символизмге бой ұрды. 1920 жылдан негізінен АҚШ пен Үндістанда тұрып, Шығыс елдері археология экспедицияларына қатысты. Николай театр декорациясын жасауға араласып, қыпшақ даласы жайлы полотнолар салды.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: