Леон Баттиста Альберти

Альберти, Леон Баттиста (итал. Leone Battista Alberti; 08.02. (кейбір мәлімет бойынша 11 немесе18 ақпан) 1404, Генуя — 20.04. (кейбір мәлімет бойынша 19 сәуір)1472, Рим) — итальян ғалымы, архитектор, жазушы, музыкант, қайта өркендеу дәуірінің ірі мәдениет қайраткері.

Падуя мен Болонья қалаларында оқыған. Альберти "Халықтық" (итальян) тілдің әдеби құқығын қорғауға ат салысты. Теориялық трактаттарында ("Статуя жөнінде", 1435 ж., "Кескіндеу өнері туралы",1435-36ж.,- итальян тілінде "Сәулет өнер жайында", 1485 ж.- латын тілінде) өз заманының ғылым жетістіктерімен байыған өнер тәжірибелерін қорытты.

Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: