👈 қаріп өлшемі 👉

Жаңа заман ертегілері

Бұл жинаққа бүгінгі күн тақырыбына арналған ертегі-әңгімелер мен ертегі-хикаяттар топтастырылған. Кітаптың авторлары – танымал және жас қаламгерлердің қаламынан туған ертегілердің тілі жеңіл, оқиғалары қызықты, сюжеттік шешімдері тосын. Жас оқырмандарға арналған.

Қымбатты жас оқырман!
Сіздерге ұсынып отырған «Жаңа заман ертегілері» атты жинақ бүгінгі күнге арналған ертегілерден тұрады. Ертегілердің сюжеттері тартымды, қызықты, бүгінгі жас оқырман – Сіздерді ойға жетелейтіні сөзсіз. Себебі ертегі кейіпкерлері өздеріңізге етене жақын – балалар, оқу формасы, коньки, шана, шаңғы, теледидар, компьютер, планета, зымыран, аспан әлемі, өсімдіктер, құстар, жәндіктер және т.б. Ертегі авторлары – танымал және жас қаламгерлер сіздер үшін қабылдауға жеңіл кейіпкерлер таңдаған. Оқи бастасымен-ақ өздеріңізді қызықтыратын – оқу, білім, ойын, табиғат мәселелері қолдарыңыздан ұстап, жетелей жөнеледі. Халқымыздың дәстүрлі ертегі жанры заман талабына орай жаңғыртылған бұл жинақтың жас оқырман – Сіздер үшін қажетті де тартымды кітап боларына үміт артамыз.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы