Сұлтан Қалиев

Сұлтан Қалиев — 1943 жылы 1 мамырда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданында туған. 1961 жылы Жамбылдағы Абай атындағы педагогикалық училищені, 1967 жылы ҚазМУ-дің филология факультетін бітірген. Еңбек жолын Жамбыл облысы Шу ауданының N961 8 жылдық мектебіне мұғалім болудан бастаған. 1967 — 1973 жылдары Қазақ радиосының музыка, балалар редакциясының редакторы, аға редакторы. 1973 — 1991 жылдары «Балдырған» журналының жауапты хатшысы, 1991 жылдан зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін «Ұлан» газетінің бас редакторы болды.

«Еңбектегі ерлігі үшін» (1970), «ҚР тәуелсіз дігіне 10 жыл» (2001), «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Ерен еңбегі үшін» (2008) медальдарымен марапатталған. ҚР Жастар одағы мен Журналистер одағының Б.Бұлқышев атындағы сыйлығының лауреаты (1997). «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағы берілген. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен (1981), ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Құрмет грамотасымен (2000), Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен (1981), ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен (2003) марапатталған.

«Балалық шақ досы» — «Друг детства» бірінші ұлттық байқауы-ның жеңімпазы (2007). Жамбыл облысы, Жамбыл ауданының Құрметті азаматы (2003).
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: