Асқаржан Сәрсеков

Асқаржан Сәрсеков (1950 — 2006) — 1950 жылы 21 қазанда Жамбыл облысы, Ақбұлым ауылында туған. 1967 жылы Жамбыл қаласындағы Жамбыл атындағы орта мектепті бітірген. Еңбек жолын 1973 жылы облыстық «Еңбек туы» (қазіргі «Ақ жол») газетінде корректор, газет шығарушы болып бастаған. 1981 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін сырттай оқып аяқтап, тілшілік қызметке ауысқан. «Жалын» баспасынан 1976 жылы «Мереке», 1981 жылы «Қарға мен Қарлығаш» атты кітаптары жарық көрген. Сондай-ақ балаларға арналған «Міне, қызық керемет», «Қарақшылардың қимас досы», «Жаман ойын» кітаптарының және «Айша бибі» жыр дастанының авторы.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: