Өтебай Тұрманжанов

Өтебай Тұрманжанов (1905–1978) — ақын, жазушы. Маңғыстау облысы Бөген ауданы Жалғызағаш ауылында туған. Қазақ мемлекеттік баспасында бөлім меңгерушісі, «Қазақ әде­биеті», «Әдебиет майданы», «Жұлдыз» газет-журналдары бас редакторларының орынбасары, бас редакторы (1935-37) болды. Өмірінің соңғы жылдары «Жазушы» баспасында бөлім мең­герушісі кызметін атқарған. Тұңғыш жинағы «Таң өлеңдері» (1925) Мәскеуден шықты. 1937 жылы жарық көрген «Қошан кедей», 1929 жылы шыққан «Таң сыры», т.б. 40-тан аса кітаптың авторы. Таңдамалылары 1959, 1964, 1975 жылдары жарық көрді. Л.Н. Толстойдың балаларға арналған шығармаларын аударды. «Қазақтың мақал-мәтелдері», «Асыл сөздер» атты жинақтарды құрастырды. Ауыз әдебиетінің белгілі зерттеушісі, көрнекті ақын Өтебай Тұрманжанов Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: