Ертай Ашықбаев

Ертай Ашықбаев (1956 ж.т.) — ақын, журналист. Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Бабатай ауылында дүниеге келген.

Топтама өлеңдері «Темірқанат» («Жалын», 1981), «Ақ сәуле» (1984), «Бастау» (1990) ұжымдық жинақтарына енді. Жеке жинақтары: «Қос мең» (1988), «Жақсы баға» (1991), «Ұя» (2003), «Ашық сабақ» (2003), «Ғашықтар мектебі» (2004), «Қаңтардағы құс» (2007), «Қобыландының қонысы» (2008).

«Қос мең» жыр жинағы үшін 1989 жылы Қазақстан Жазушылар одағының Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы сыйлығының лауреаты болды. «Жалын» баспасы ұйымдастырған балалар мен жасөспірімдердің үздік шығармаларына арналған республикалық жабық бәйгеде төрт рет (1982, 1986, 1991, 1994) жүлдегер атанды. Қазақстан Журналистер одағының Төлеубай Ыдырысов атындағы сыйлығының лауреаты (1996). Республикалық мүшәйралардың бірнеше дүркін жүлдегері. «Қазақстан Конституциясына – 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері:

АЮ
ҰЯ
АТ