Нұрлан Қалқа

Нұрлан Қалқа (1967 ж.т.) — ақын, журналист. Алматы облысы, Шелек ауданы, Масақ ауылында (Асы жайлауында) туған.

«Әке» атты тұңғыш өлеңі 1984 жылы «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде басылған. «Біздің ауыл Ақкердің баурайында» (1996), «Халық құрметі» (2004), «Тау тұлғалы Темаға» (2004), «Райымбек» (2005), «Алматым жүрегімде» (2008) атты ұжымдық жинақтарға шығармалары енген. «Сейтек сарыны», «Астана», «Ырымдар және түс жору», «Астана – жыршуағы», «Балбөбекке бәсіре», «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» атты кітаптардың құрастырушысы.

Шығармалары: «Ұлттық журналистиканың саңлағы». Зерттеулер, әңгімелер, новеллалар, ертегілер. А., «Ана тілі», 1998; «Қазақстан жас ақындарының антологиясы». Ұжымдық жинақ. Өлеңдер топтамасы. Үкіметтік басылымдар редакциясы. Астана. 2000; «Қос ішек». Өлеңдер топтамасы. Үкіметтік басылымдар редакциясы. Астана. 2000; «Аққу-жүрек». Өлеңдер, балладалар, толғаулар және поэма. Астана. «Елорда», 2002; «Арман қанатында». Әңгімелер жинағы. А., «Жалын», 2003; «Жыл он екі ай». Балаларға арналған өлеңдер, санамақтар, жұмбақтар, жаңылтпаштар, мысалдар. А., «Балалар әдебиеті», 2005; «Отыз бесінші шілде». Өлеңдер мен балладалар. А., «Жазушы», 2008.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: