Эрве Базен

Эрве Базен (фр. Hervé Bazin, шын аты-жөні Жан Пьер Мари Эрве-Базен (фр. Jean-Pierre Hervé-Bazin), 17 сәуір 1911 жыл – 17 ақпан 1996 жыл) – француз жазушысы, Қарсыласу қозғалысына қатысушы, Гонкуров академиясының президенті (1973 жылдан бастап).

1980 жылы Халықаралық "Ленин" сыйлығын иеленеді. 1946 жылы «La Coquille» атты поэтикалық журнал шығарады. 1948 жылы тұңғыш шыққан «Күн» атты поэмалар жинағы үшін "Апполинер" сыйлығын иеленеді. Базеннің көптеген шығармалары орыс тілінде КСРО-да, «Прогресс» баспасында басылып шығады. Эрве Базен «отбасы романшысы» болып саналады, өйткені оның барлық дерлік романдарының тақырыбы отбасы туралы болды.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: