Қуандық Түменбай

Түменбай Қуандық (22.8.1955 жыл, Қызылорда облысы Шиелі ауданы Ы.Жақаев атындағы ауылы) — жазушы. ҚазҰУ-ды (1977), Мәскеудегі Әдебиет инcтитуттын бітірген (1990). 1990 - 98 ж. "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас алаш"), "Жетісу", "Алматы ақшамы" газеттерінде тілші, бөлім меңгерушісі, бас редакторының орынбасары болып жұмыс істеген. "Жалын", "Жұлдыз" журналында бөлім меңгерушісі, "Қазақстан" баспасының бас редакторы қызметтерін атқарған. Түменбай "Қайың сапты кетпен", "Жүрдек поезд", "Каникулды күткен қыз", "Жігіттің Көктөбесі", "Қанаты күйген қызғыш құс", "Сотталған домбыра", "Біздің үйдің солдаттары", "Тұңғиық", "Тіршілік планетасының тентектері", "Қой мен қойшы" (2004), "Ар мен дар" (2005), т.б. прозалық кітаптардың авторы. Шығармалары араб, орыс, неміс тілдеріне аударылған. Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері (1999).
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: