Сейіт Кенжеахметұлы

Сейіт Кенжеахметұлы - 1939 жылы 12 қаңтарда Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Қызбел аймағындағы «Сарықопа» деген жерде туған. Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтында оқыған. Кейін ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын аудандық «Жаңа өмір» газетінің бөлім меңгерушілігінен бастаған. 1966— 1977 жылдары Қостанай, Торғай облыстық газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болып істеді. 1977 — 1989 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының Торғай облысындағы кеңесшісі, 1989 — 2002 жылдары Торғай облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы әрі Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогика институтында доцент, кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарды, қазақ әдебиеті тарихынан дәріс оқыды. 1990— 1995 жылдарда Торғай облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы міндетін қоса атқарды. 2003 жылдан Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Отырар кітапханасы» Ғылыми-зерттеу орталығында аға ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер болды. Қазір Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институт ректорының кеңесшісі әрі осындағы ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: