Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  276


Автор: Аманғали Ербозұлы

ОТАМАЛЫ

Жазушы Тобық Жармағанбетовқа
Отамалы,
Табиғаттың беймәлім көп амалы.
Қарсы алдынан бір нәубет сезінгендей,
Күдірейді даланың жота, жалы.
Жан ала ма?
Қоймайды оған еш нәрсе пана бола.
Қар астында қалтырып қалды лезде
Бүрін жарған бәйшешек жаңа ғана.
Сынын бұзып,
Табиғаттың қайтеміз мұңын тізіп.
Тағдырыңа тап келіп отамалы,
Гүліңді үзіп кетті ғой,жырыңды үзіп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Ақбота
Ақбота 08.02.2026 22:32
Отамалы өлең шумақтары

Пікір жазу