0 голосов
56 просмотров
от (340 баллов) в категории Тіл, Сөз

Ана туралы өте жақсы тақпақ, өлеңдер керек еді, бөлісесіздер ме?

3 Ответы

0 голосов
от (340 баллов)

Жан анама (Берикболова Бекзат)

Нұрын шашқан күнімсің ғой жан анам,
Бар шуағын баласына арнаған.
Бір өзіңнен қуат алып өмірде
Сенің салған сара жолды жалғағам.

Айымсың ғой жарық қылар түнімді,
Жұлдызымсың сәнді еткен көгімді.
Бір Алладан саулығыңды тілеумен
Атқызамын әрбір ғажап күнімді.

Қымбат жансың, мен үшін ең асылсың!
Аллам сенен жамандықты қашырсын.
Әкемменен мәңгі шалқып бақытқа
Жастарыңды жүзден дағы асырсын!

Тілегімнің бастауы да бір өзің,
Мейiрiмге толы мынау нұр жүзің.
Сен жанымда болған кезде әр сәтім
Жаздай жайлы қысым менен сұр күзім.

Бақытымсың, жаным анам, жан анам,
Мен өзiңдi періштеге балағам.
Ауырмашы,  қартаймашы ешқашан.
Мақсатыңа жетші әр кез қалаған.

Өзіңсің ғой өмірімнің тірегі.
Аман жүрсең - маған сол гой керегі.
Бақытты бол, ауырма деп тілейді
Сәбиiңнiң жұдырықтай жүрегі!

от (340 баллов)
Надежда Крупскаяға

Кеше Ресей аймағын,
Басқанда қара түн түнек,
Құрсаудай қысып жан-жағын,
Күйзелгенде ел уһлеп.
Миллиондаған жұмыскер,
Ызамен ашу кернеген,
Толқындай тулап қайғы-шер
Адамға тыныс бермеген.
Шықты Ленин топ бастап,
Шықты ашынып күреске,
Бақытқа мәңгі ту ұстап,
Жол ашты көсем ұлы іске.
Отаннын, ару, ер қызы,
Болдық серік Ленинге,
Ананың алтын жұлдызы,
Ай боп тудың елімде.
Ай боп туып еліме,
Қасына бардың сен күннің.
Күн сәулесін көтеріп,
Серігі болдың Лениннің.
Серігі боп Лениннің,
Нұрыңды шаштың Отанға.
Ай дидарлы ана едің,
Таң боп атқан жиһанға.
Отанымның ер қызы,
Сүйікті еді-ау Надежда.
Күңіреніп, халқым, құлақ сал,
Жоқтау болған бұл назға.
Ұмытпас елі ер қызын,
Жүрегің бізге дос, ана!
Сөнбейді сенің жұлдызың,
Тыныш ұйықта, қош, ана!
Тыныш ұйықта, қош, ана
Отанымның ер қызы,
Үстіңде сенің желпіп тұр,
Ленин туы қырмызы!

1 март, 1939 ж.
0 голосов
от (340 баллов)

Ана, сені жұбата алман. Не деймін?
Құлағымда қалды үнің: «Көбейгір!»
Ақ сүт қана болған күндер қорегім,
Қанша шуақ, мейірімге бөледің?
Тіршілікке нәр берген бай-терегім,
Сенің қамың емес екен жегенім.
Соны ұғынып, қалдым тағы мұңданып,
Маңдайымнан сүйгізе алмай бір барып.
Жүрем. Кешір, кешірімшіл жан анам,
Келе ме деп күнде жолға қараған...

Айсұлу Рүстемова‎
0 голосов
от
Т. Молдағалиев пен М. Жұмабаевтың өлеңдері.

Пайдасы тиеді деген ойдамын

Тұманбай Молдағалиев – «Ана»

Құлайын деп бара жатам құлдырап,

Көңілім жүдеп, көзім алды бұлдырап,

Сол кезде бір ән естимін жақыннан,

Аққан бұлақ секілденген сылдырап.

Есім жиып, өз бойымды тік ұстап,

Тіршіліктің әуенімен тыныстап,

Сергимін де, сезім гүлін құлпыртам,

Кел дегендей болады бір күміс бақ..

Сөндім-ау деп, өлдім-ау деп ышқынып,

Қалған кезде бойымдағы күш бұғып,

Сөнбейсің деп дауыстайды анашым,

Мен орнымнан жығыламын үш тұрып.

Ойнап шығам содан кейін құрақтай,

Жарқылдаймын жүрегімді жылатпай,

Мүмкін, мүмкін ана махаббаты шығар бұл,

Мені сүйеп келе жатқан құлатпай.

Мағжан Жұмабаев – “Ана”

Үйдің іші ұйқыда,

Түн ортасы шамасы.

Көзін алмай бесіктен,

Бөбек жатыр албырап.

Бесікте бөбек ауру,

Тербетіп отыр анасы.

Үнсіз, меңіреу ұзын түн,

Жел азынап тұр есіктен.

Шөкиіп ана отыр,

Жүрегіне біреу біз

Сұғып алып кеткендей.

Үнсіз, меңіреу ұзын түн

Шөккен қара бір нардай.

Сарғайып, ана сарылып,

Демігіп, қызып, қысылып,

Ауық-ауық, селк етед,

Әлденеден шошьшып.

Селк етсе бөбек, ананың

Өзіне ажал жеткендей.

Шөкиіп отыр дем алмай…

Таң алдында қара бұлт

Күңіреніп көкті жабады.

Бөбегінің бетіне

Ананың жасы тамады.
Добро пожаловать на сайт ZHARAR Forum, где вы можете задавать вопросы и получать ответы от других членов сообщества.

33 вопросов

16 ответов

8 комментариев

1.8k пользователей

...