Қыз ұзату тойына құттықтау сөздер мен тост тілектер топтамасы

 

Қазақ қызын қашанда қадір тұтқан. Қасиетке балаған. Төрін ұсынған. Себебі, қыз - өріс. Қыз – кие. Қыз – ұлтының ұяты. Қыз – халқының шырайы. Қыз - өмірдің бастауы. Қыз – тіршіліктің тірегі.
Бұл қасиеттер қыз ғұмырдың пешенесіне әуел бастан-ақ бұлжымастай етіп жазылғандай. Ал сол ақ үрпек балапанын аялы алақанынан ұшырарда қай ата-ананың болмасын көңілі......

Құттықтау, тілектер
Толық

Сіңіліме, қарындасыма, әпкеме қыз ұзату тойға тілектер

Ғұмырыңыздың жарқын шақтары мен бақытты сәттері мол болғай. Өмір Сізді тек жақсылықтар мен қуаныштарға жетелесін. Ибалы келін атанып, сол ауылдың алтын босағасында аман-есен жүре беріңіз.

Құттықтау, тілектер
Толық

Қыз ұзату тойында ана тілегі

Құрметті қонақтар, қадірлі ағайын-туыстар!

Бүгін біз үшін көңіл аса алабұртқан күн. Көңіл – қызымыз теңін тапты, отауын тігіп жатыр деп, қуаныштан шалқиды, көңіл – әлпештеп өсірген қызымызды қимастықтан толқиды. Бұл – қыз ұзатқан әрбір ата-анаға тән, осында отырған талайыңыз бастан кешкен сезім. Осындай сәтте балаңның дүниеге келген кезінен бастап өмірде өткеннің бәрі кино сияқты көз алдыңа келеді екен. Дүниеге ұрпақ келді деп ата-аналарымыздан бастап бәріміз қуанғанымыз, Қызылордадағы туыстарға сүйінші.....

Құттықтау, тілектер
Толық

Қыз ұзату тойында әке тілегі мен батасы

Қадірлі халайық, тойшы қауым, құда-жегжаттар, ағайын-туыстар!
Адамның бір қызығы бала деген дана сөз бүгін бәріміздің басымызды тойда қосып отыр. Қызымыз өрісін тапты, құда-жегжатты болып жатырмыз деп анасы екеуміз қуансақ, немереміздің тойында отырмыз деп ата-аналарымыз қуанышты.
Ата-ана демекші, біз оқу бітірген соң Алматыда қызметке қалдық, қыздарымыз осында дүниеге келді. Менің ата-анам, туыстарым Қызылордада тұрды. Сондықтан қыздарымыз нағашы ата-әжелеріне жақын болып өсті. Балаларымыздың қамсыз өсуіне, өзіміздің алаңсыз қызмет етуімізге бұл кісілердің көмегі көп тиді, әлі тиіп келеді. Тілеуқорымыз. Ауылыңда қартың болса, жазылып қойған хатпен тең демекші, бүгінгі тойда үлкендердің отыруы той сәнін келтіріп тұр, ол кісілердің...

Құттықтау, тілектер
Толық

Құрбыма тілек: үйлену той, қыз ұзату, тұрмысқа шыққан

Бір-бірлеріңе бағынышты, сағынышты сезімдерің мәңгі сөнбесін, сыйластықтарың, қимастықтарың ешқашан таусылмасын, махаббат әлемінің нұрлы аспанында жұптарың жазылмай, қанаттарың талмай самғай беріңдер!
Өмірде қалса екен жарқын іздер, Жарасып, қол ұстасып өтіңіздер. Жұптарың жазылмасын өмір бойы, Арманға – алтын тойға жетіңіздер.

Құттықтау, тілектер
Толық

Қыз ұзату тойы: Қызға құттықтау, тілектер

Құрметті тойға жиналған ағайын-жұрт, достарымыз бен жолдастарымыз!

Шынымды айтсам, сіздердің алдарыңызда шаңырағымыздан ұшырғалы отырған ақ көгершіндей аяулы қызыма қандай ақ жол, сәт сапарлық тілек тілерімді білмей толқып тұрмын. Ең дұрысы, негізгі сөзімді қызыма арнағаным жөн сияқты…. Үйіміздің сәні, әкең екеуіміздің аялап өсірген қызғалдағымыз, сүйікті де сүйкімді қызым менің! Кеше ғана «іңгәлап» өмірге келгенің де,тұлымшағың желбіреп жүгіріп жүргенің де, шашыңа ақ бантик тағып алғаш мектеп табалдырығын аттағаның да, жоғарғы оқу орнына түскенде «Мама, Папа! Мен студент атандым!» деп қуаныштан жүрегің жарыла сүйінші....

Құттықтау, тілектер
Толық

Тойда қызына әке өсиеті

Ілгеріде қызын ұзатқалы отырған бір ғұлама қызына арнап мынадай өсиет айтқан екен:

Қызым, әкенің қызға ақыл айтқаны орынсыз шығар, алайда бұл өсиет ақыл айта алмайтын кейбір ата-аналарға үлгі болсын. Сен өзіңді еркелетіп, алақанына салып, аялап отырған ортадан анау-мынау қателігіңді көтере алмайтын ұяға ұзатылып бара жатырсың. Ендігі жерде өзіңе ешқашан дос тұтпаған адамды дос тұтасың. Онымен бірге өмір сүресің. Кейде көңіліңе қаяу түсуі мүмкін. Сол кезде әкеңнің мына бір сөздерін жадыңа тұт:  .....

Құттықтау, тілектер
Толық