Алғыс айту күні (мұғалімге, ұстазға)
Күнім болып көріндің аспанымда.
Білім болып егілдің жас жаныма,
Гүлің болып төгілдің асқарыма.
Біз дегенде ұмытып бала қамын,
Қас қағымға қасыңнан.....
Мен алғаш мектепке келгенімде,
Алдымнан күле шыға күткеніңде.
«Білім берер ұстазым» деп....
Мың алғыс ұстазым,
Мың алғыс мектебім.
Сен берген біліммен,
Бүр жардым көктедім.......
Ұстазым, жарқын жүзді асыл адам,
Әсерлі айтқан сөзі жақын маған.
Ең алғаш қалам ұстап, әріп танып,
Сен арқылы әлемнің сырын ұғам.
Алғаш қалам ұстатып,
Білім құйған көңілге
Әріп сырын ұқтырып
Қақтырып қанат өмірге.....
Қолыма қалам ұстатып,
Білім берген ұстазым.
А мен Б-ны үйретіп,
Сусындатқан ұстазым.....
Мен алғаш мектепке келгенімде,
Алдымнан күле шыға күткеніңде.
«Білім берер ұстазым» деп таныдым,
Үйретуден жалықпаған перзентіне....
Ұстаз деген бес әріптен құралған,
Ұстаздарым шәкірт үшін жаралған.
Шәкіртіне үйретеді білгенін,
Ұстаз мәңгі ұлағатты бір арман.....
Оқу білім үйреткен,
Ойға өнер түйреткен,
Ұстазымның ойы алғыр
Күнде тақпақ үйреткен.
Қолыма қалам ұстатып,
Білім берген ұстазым.
А мен Б-ны үйретіп,
Сусындатқан ұстазым.
2-ден, 1-ді айырып,
Есептеткен ұстазым.
Алғыс айтам шексіз мен,
Алғашқы асыл ұстазым.
Ұстазым менің Ұстазым
Анашыма ұқсадың
Күлімсірей қарап көзіме
Қағаз, қалам ұстаттың....
Маған білім үйреткен
Жаңагүлдей апайым
Тәрбие мен ақылды
Үйреткенде апайым.....
Ұстазым-ақылшым,
Ұстазым-қамқоршым.
Ұстазым –көмекшім,
Ұстазым-анашым.
Асқақ арман, аяулы арман, ақ арман,
Барлығы да ұстазымнан нәр алған,
Балалығым, шалалығым барлығым,
Адамдықтың сәулесіндей таралған......
Аялап өсірген,
Әлпештеген мұғалім.
Әріптерді жаздырып,
Оқу,білім үйреткен
Рахмет, Сізге мұғалім.
Ұстаз ол ерекше адам,
Әр шәкірттің болашағы
Ұстатып қалам қолына
Біліміне жол ашады.....
Ұстаз деген кім ол десең,
Ұстаз жайлы тым аз білсең,
Мен берейін бұған жауап,
Сөзіме егер, құлақ түрсең!
Ұстаз – дана, ұстаз дара
Ұстаз деген бір тұлға.
Ұстазыңды ұлы әкеңдей сен сыйла!
Ұстаз деген екінші анаң ізетті,
Аямайық ұстаздарға құрметті!!!
Ұстаз болу-жүректің батырлығы,
Ұстаз болу-сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу-мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы
Қалам беріп алғаш сәби қолыма,
Дайындадың ұзақ өмір жолына
Сүйікті ұстазыма мың алғыс,
Дарытқан білім нәрін өн бойыма.
Ұстаз деген ұлағатты ұлы есім,
Білім беріп бізге шаршап жүресің.
Арманға алыс қанат қатып кеткенде,
Аяулы ұстаз қадірін сен білесің......
Ұстазым - менің ақылшым,
Әр сөзің дана асылсың.
Білімге құштар жастарға,
Шын жанашыр жақынсың.
Аяулы менің ұстазым,
Талабымды әркез ұштадың
Адалдықты үйретіп,
Адамдық жолды нұсқадың.
Ұстаз деген ұлы сөз мағыналы,
Әрбір әріпі шежіре таңдамалы.
Ұстазым көп үйренкен мына өмірге
Талмай қанат қағудың қыр-сырлары....
Әрбір бала жүрегіне сақтаған,
Өз баласындай құрметтеген, баптаған.
Ұстаз неткен сабырлы едің, салмақты.
Бала үшін жан жылуын ақтарған.
Ұстазым сені көргенде,
Қуанып кеттім бірдемде,
Әліппемді ұстадым
Білім берген күніңде!
Біліміңді үйрендім,
Бәрін біліп алдым мен
Бәрін біліп әрдайым
Ұстазымның күнінде.
Құндыз апай ақылыңды
Жаттап өстім сөзіңді
Мейлі күндер, жылдар өтсін
Ұмытпаймын өзіңді.