Қалижан Бекқожин (Ақсақ Әлім)

Ақсай басып келген бетте майданнан,
Қарақұмға қарап Әлім ойланған:—
— Әттең, жалғыз болып қалды аяғым,
Шалқытар ем суды саған сайлардан!
Сен ойлама, мені Әлім деп бұрынғы,
Ақсақ менің аяғым да дүбірлі.
Дон бойында қуғанымдай дұшпанды,
Ол сау болса, — оятар ем құмыңды...
Айтып соны кетіп еді сол құмнан,
Онда тек жел ызыңдаған соңынан.
Онда елсіз жапан ғана бұл өңір,
Су аңсаған бұлдыраған сағымнан. .....
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Сержант Беляков)

Досы бар әркімнің
Шықпайтын жүректен.
Ұмытылмас бар күнің
Достықпен бір өткен.
Сүйікті жаныңа,
Ұмытылмас ер де көп.
Бірақ та бір бөлек,
Сержант Беляков.
Асығып елге біз
Жат өлке шыңынан,
Шырқап бір келеміз,
Өзгеше сұлу ән.
Өңшең дос асыппыз,
Құздардан өрмелеп. .....
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Партизан анасы)

Есіз үйде отыр ана,
Күйген жұртта қалған қу бас.
Бар серігі жалғыз ғана
Қасындағы күйелі ағаш.
Отыр жұртта жалғыз өзі,
Қураған бас түскен төмен.
Күйікпенен жанды өзегі,
Қайғысы — өзен түпсіз терең.
Аруақтай сүлде ғана,
Солған жүзі қу кебіндей.
Баққан соны шыр айнала,
Ажал шіркін түр көрінбей.
Қан көзіне күн астынан......
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Құм жорығы)

Құрымдай қап-қара бұлт түр көгінде,
Қорғандай құм төбелер түнеруде.
Келеді керуендеп бір қалың топ,
Мамырлап Маңғыстаудың түбегінде.
Керуен атты және түйелі де,
Келгені кеше ғана құм еліне.
Артқаны, асынғаны қару-жарақ,
Өзгеше бұл әскери бір бөлімде.
Теңделген түйелерге зеңбіректер,
Қақиған қапты тиеп теңбіл көктер.
Әскери — орыс, қазақ, татар, башқұрт,
Жау көрсе жалындаған ер жүректер. .....
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Дала комиссары)

Жайғанда Алатауға күн қанатын,
Жыр аңсап, әдетім бар толғанатын.
Басынан қарлы құздың қыран көрсе,
Солай бір саятшы да тан, қалатын.
Көргенде күмбездерді мұз құрсаулы,
Осы бір кек аршалы құж-құж тауды,
Сүйсінем шыңдарынан жыр ұшқандай,
Қанатын сермегендей гүл атаулы.
Айбынды Алатауым, аға тауым,
Арқаңа ақын тіккен ақ отауын.
Есіме түсті сонау ақ басты қарт,
Ағытып ұмыт қалған жыр матауын. .....
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Кек дабылы)

Кеудемізде кек қайнаған,
Кекпен өзен отқа айналған,
Қаһарлы айқай салған шуды,
Дүниеде кім ашулы?—
Біз жігіттер— біз ашулы!
Біз ашулы, намыс оты
Бойды өртеген, жалын қысқан.
Ашындырды, арға тиді .....
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Қол бастаған батыр)

Жүректе оты жанған жігіт едің,
Атаның алып қалған үміт – кегін,
Жөнелдің қарсы бастап қалың жауға,
Қазақтың қайсар ноян жігіттерін.
Еріндей ертегінің қайта туған,
Ашуың атқан толқын айбатыңнан;
Кегінен қалың қазақ қайнап жігер,
Тасыған қайратыңмен жауға атылған. .....
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Өлкеме бардым сонырқап)

Өлкеме бардым сонырқап,
Өрінен жыр тыңдадым.
Теңіздей дала толқындап,
Өріске жайған тың дәнін.
Тауыма бардым таңырқап,
Ұқтым сырын тасынан.
Қуатын қырға тау шырқап,
Шамшырақ атқан асылдан.
Асып талай қырқадан,
Асыға кездім ой-шыңын......
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Ақиқат кілті)

— Женева! — Сұлу қала, маңы ғажап,
Саяхат еткендерге жаны қалап.
Орманнан тыңдап жырын әнші құстың,
Екі жан келе жатыр көл жағалап.
Серуен, жағада жұрт жабырласқан,
Алуан тілдер мұнда да жамырасқан.
Бетінде біреулердің жұлдыз ойнап,
Жандар көп ақ жүздерін зәбір басқан
Жан сауға саясындай осы бір жақ,
Болатын қуғындарға таса, тұрақ
Тоғысқан мұнда нелер өрен ойлар,
Асылдай әр қиядан түскен құлап.
Бар шығар жасағандар саяхатты,
Судай бір сапырғандар саясатты. .....
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Торғай құйыны)

Шарықтап құм жосалы жалаң белді,
Шаңдатып келе жатыр Аманкелді.
Аңқытып ақ тұйғындай астындағы
Алды — жел, арты — құйын жарау керді.
Артында Аяп бала шаң бүркенген,
Келеді көк бестімен қалқып ерден.
Шоқытып құм төбеге шықты өзі,
Аңшыдай адырдан бір түлкі көрген.
Жоқ, аңшы емес қазір жөні бөлек,
Жарысып жүрген де жоқ жел жебелеп.
Дүз барлап келген де жоқ жауды бағып,
Жорыққа шыққан да жоқ елден ерек.
Селебе соғар шақта төгіп қаһар,
Сұңқар да алдын ала қанат қағар. .....
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Ақын кегі)

Лапылдады жанды кегім,
Жанымда ыза, көзімде жас.
Өлді ақын — ардагерім
Өлтірді жау сұм есуас.
Отқа түсті ақын жаны,
Өртеді жас, есіл боздақ,
Ұлы түтін — ащы зары
Кетті іштегі кекті қозғап.
Жаны сәби, әншіл бөбек,
Еркеледі - ау дүниеге аз?
Ақын еді туған бөлек —
Жастай өліп кетті-ау, сабаз!
Күйді өлеңнің қызғалдағы,
Жанды гүлі аяп алар. .....
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Айырылыспайтындар)

Соңғы емтихан берілді. Бұлар шат
Студентше сүйген жақсы өмірді,—
Алда қызық — жас махаббат, болашақ.
Жас өмірдің шаттығына сенімсің,
Оқулы шақ, қандай албырт қиялың!—
Студенттік сонау төрт жыл сен үшін,
Өмірімнің қырық жасын қиямын...
Залда жастар жүр толқындай тербеліп,
Тәтті күлкі... Бәйшешектей жүздері. .....
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Ерулік)

Түлегендей бүгін жаңа тұл адыр,
Үстіндегі тіршіліктің тың бәрі.
Жас өмірден құйылғандай тыңға нұр,
Далам жаңа жастық жырын тыңдады.
Қалалы көш келіп қонды қырыма,
Масайрады май айында cap өңір.
Ел қонбаған иен жазық қиырға,
Өздерімен келді бірге бар өмір!
Платформа үстерінен гуледі
Машиналар
Күйге басты баяны.
Қастарында артып жүрген үйлері —
Көшкен қала, көшпелі емес баяғы. .....
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Дала дауылы)

Неваның толқын сыймай арнасына,
(Қарап тұр соны біреу жар басында)
Дауыл қысып тұрғандай долданады,
Аспанда аңдай бұлтпен арбасуға.
Шымырлап моншақ беті ширық атып,
Шың қаққан толқындарын шуылдатып.
Адмирал мұнарадан асып асқақ,
Тұр жайнап қызыл маяк — шұғыла тік.
Тәкаппар дария бұл дүниеге,
Болмаса көк дауылы түйіле ме?
Тулаған көк төсінде төтеп толқын,
Шүйіліп ескі жаға бүйіріне .....
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Дауыл алдында)

Орынбор. Станция. Қалың жиын.
Гулеп сөз, соққандай бір дауыл құйын.
Жарыса сөйлеп жатыр ызалы жұрт,
Замана ағысымен даулы қиын.
— Жоқ, енді басқа майдан бастау керек!
— Советті «Уақытшаға» қоспау керек!
— Өршісін Отан үшін әлі соғыс!
— Уақытша үкіметті қостау керек..
Мазағы буржуйлардың жетті бізге!
— Беріңдер бостандықты нанға бөлеп...
— Болмаса, аласыңдар қанмен елеп.
Солай бір шуылдасқан ашынған топ.
Айқайлар көпке дейін басылған жоқ.
Тосын бір мұртты жігіт сөйлеп, міне .....
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Өрттен кейін)

1. Түннен шыққанда
Тұмандатып жылжыған
Қоштасамын түнменен.
Сәулені іздеп сүйіп жан,
Асығамын күнге мен.
Түн жүрісі бойға ауыр,
Қалыппын ғой қалжырап,
Ұйқы басқан ойға бір
Жағылсын тез шамшырақ.
Ұйқылы ойдан әлі де
Түнгі елестер кетпеген.
Үрей жаққан көңілге
Шулы ызыңдар отпенен.
Түнде сонау алыстан .....
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Шырмаудан шығанға)

«Түс кеудемнен бұғау крест,
Албырт жаным көрді қысым.
Тағдыр мұндай тұман емес,
Еркіндіктің бер тынысын!
Жүрегімнен тартқан зәбір,
Иман біткен мейлі тайса,
Жоғал мәңгі жұмбақ тәңір,
Жұм көзіңді, келгір Айса!
Мүлгіген сұм, елік икон,
Құдайының сиқын қара!
Неге маған төндің екен,
Монтаны қу, сиқыр — ана?
Уа, қиялым, өршіте бер,
Дауылыңды дарқан жолға. .....
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Ленин алаңында)

Менің алма қалам қандай тамаша!
Асқары тұр аспанымен таласа.
Таудай үйлер аймалаған алаңда,
Асқақтайды құздай тұлға жараса!
Сермеп қолын кең жазықты тұр нұсқап,
Айналасы ғажап орман, тыныш бақ. .....
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Ая қыз)

Тыңда, жас балалар,
Тыңда сен де бөбегім.
Төгілсін ақ моншақтай
Сендер үшін өлеңім.
Тыңда сен де, анажан,
Нәзік жүрек балажан,
Мынау жырым ұнай ма?
Бірақ та сен мұңайма.
Бал бөбегім, балашым,
Тек балдырған Ая үшін,
Жүректерің балқысын,
Аяны тек аясын!
Украина қызы еді .....
Өлеңдер
Толық