Қалижан Бекқожин (Менің момын жеңешем)

Қырдан көрдік көп егін...
Көзбен шолып келемін
Көк теңіздей көлбеген
Көз жеткісіз көлемін.
Егін басы толы адам,
Егін толқын — тулаған.
Мотор гуі, қыз шуы,
Толқып келіп тұр маған.
Көрдім алып кемені,
Қырқа жарып келеді. .....
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Гвардияшылар)

Кездесті олар көкше белде, кең үстін
Жапқан жасыл желеңдері егістің.
Гвардия туын көкке көтеріп,
Бейбіт қырда қалықтады Жеңіс күн.
Құшақтасты,
Ер жүздері жайнады.
Жалауындай жеңістің сол майдағы.
Алдарында Есіл жатты ойнақтап,
Ойларына түсті Шпрее майданы.
Естерінде сұрапылы соғыстың,
Үстерінен зымыраған оқ ұшқын.
Гвардия, қанды өзеннен асырды
Жеңіс тапқан кереметін сол күштің. .....
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Күте бер мені келер деп)

Күт мені, сәулем, ұзақ күт,
Қайтармын, сау келермін,
Көңіліңе сеуіп ой күңгірт,
Өтсе де күт, нелер күн.
Қар жауар мүмкін бұрқырап,
Өрті бар мүмкін кез келер,
Күте түр, сәулем, сен бірақ,
Ұмытса да өзгелер.
Хат келмей менен қажытар,
Кетер талай күн ұзап,
Ұмытса мейлі басқалар,
Күте бер мені өзің - ақ......
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Жерден ұшқан жұлдыздар)

Көктен аққан жұлдызды көргенімде,
Әлденеге тітіреп тұрған денем.
Өйткені әжем:
«Бақытсыз әлдекімге
Белгісі бұл ажалдың туған,» — деген...
Көрдім бүгін жарқ етіп ұшты жерден
Аспанға
От жұлдыздар алтын қанат.
Ұйқылы түнді жарып дабыл берген
Ізіне алтын Москва тұрды қарап.
Мен көрдім таңғажайып кемпірқосақ секілді .....
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Бригадир туралы жыр)

Жапан түзге жасап жатыр қыс бүлік,
Қар жасағы ойнақтайды ысқырып.
Қиян қырдың аспанында жүр жосып
Ақ шудалы аппақ бура түсті бұлт.
Қар тынымсыз белестерге борайды,
Ақша таулар басты жазық маңайды.
Белуардан қарға батқан жас жігіт
Бұрқасынға күлімсіреп қарайды.
Қамаласа қалың құйын жасағы,
Ұмтылып жас, құшағын кең ашады. .....
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Асығыс адам)

Жүрді бір топ далада,
Қалың белді омбылап.
Тас бұрқасын айнала,
Көтерілген құм тулап.
Өрлеу керек бірақ та —
Алда зерттеу, бұрғылау.
Алда талай алқапта
Қазылмақшы шықырау.
Келеді өрлеп құм жарып,
Жүздерін от жел аптап.
Сәл ғана істі доғарып,
Түнде ғана қонақтап.
Ұзақ, ауыр жол қиын,
Бөгелісті құм көшкін. .....
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Сағынып мен күттім)

Сағынып мен күттім,
Сәулемді, жарымды,
Отымен үміттің
Жандырып жанымды.
Көп болды кеткелі,
Бір хабар алмадым,
Сарғая күткелі
Көбейді арманым.
Үмітпен күн өтті
Бұлдырап сағымдай.
Өртеді - ау жүректі,
Қайтейін сағынбай...
Тарқатты сағымды
Сұрланып суық бұлт. .....
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Боранда)

Бүркеп түгел құм жосыған қырқаны,
Аппақ нөсер бұлан-талан бұрқады.
Қалың аңдай қарлы құйын ойнақтап,
Жапан дүзде дүлей даусын шырқады. .....
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Қарындас)

Көп күн болды сен кеткелі,
Қайдасың сол қарындас?
Мендей ешкім іздеп сені,
Мендей және сағынбас!
Онда майдан ішінде мен —
Қатулана жүгірдім:
Қанды найза үшіменен,
Жау түйреді... жығылдым.
Бұрқыраған отпен бірге
Кетті достар, жаттым мен,
Сар жапанда, жалғыз түнде .....
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Батыр досыма)

Қанат қаққан ұясынан,
Біздер таудың түлегіміз,
Алтын аспан аясында
Араласқан жүрегіміз.
Сонда көкке талпынғанда,
Қонды бақыт үстімізге,
Күлімдеді күн аспанда,
Нұр сәулесі түсті бізге. .....
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Кездесу)

Кездесті бұл екеуі
Түн ішінде құмда бір.
Бұрылып қалай өтеді?—
Қалың оба, сұр дауыл.
— Ей, бұрыл да, тұра тұр,
Мен өтейін, жолды бер.
— Жоқ, өзің-ақ бұра тұр,
Асығыспын, бол, жібер.
— Бұрыл, уақыт кетірме,
Суыт жүрмін мен тіпті
Мал жайлымы шетіне,
Алып келем бұл жүкті.
— Я, мен де солаймын...
Бетпақ шөлдің өрінен,
Жүріп келем талай күн,
Моторлармен, темірмен.......
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Капитан)

Арасында үйлердің
Зіл - зала боп қираған,
Ақтарып соның күйгенін,
Жоқ іздеп жүр бір адам.
Қалдым қарап кідіріп,
Кім екен деп сол адам.
Құшақ жайып жүгіріп,
Келе жатыр ол маған.
Сүйкімді жас капитан,
Құшақ жайып жүгірген.
Көзіме оттай басылған,
Досым екен білдім мен.
Төрт жыл болды, көрмедім,
Сағыныппын досымды. .....
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Комсомол билеті туралы баллада)

Күркіреген найзағайдың отындай
От тастады түнде келіп жау көктен.
Жас Мария маралдың жас лағындай,
Ыршып түсті үрейлене төсектен.
Жана қалды лаулап үйі сол оттан,
Өрді жалын қаптаған кеп жыландай.
Үрейлі шу шықты дауыс зар қаққан,
Үйдің іші көз түрткісіз тұмандай.
Қашып жатыр лапылдаған сол үйден,
Үйдегілер от қамшымен қуылып.
Безген бәрі дүние түгіл киімнен,
Денелерін шарпып жалын қуырып. .....
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Жиырма сегіз)

Қараңғы түн, қалың орман,
Алай-түлей қар бораған.
Долы дүлей, долы боран
Кекті жапқан, жерді ораған.
Өршелене соқты боран,
Орман шулап тартты қобыз.
Қарды қуып құйындаған,
Келе жатыр жиырма тоғыз.
Әлдеқайда жау жасағы,
Көрінбейді боран басып.
Орыс қысы ән салады,—
Немістерге аран ашып. .....
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Көктем толғанысы)

Сәріде бүгін ояндым,
Есітіп бұлбұл дауысын.
Тамылжып шыққан баяу үн,
Тербеткендей тау ішін.
Сүйемін көктем бұлбұлын,
Сүйемін көктем жаңбырын.
Жаңбырдай елге бұл жырым,
Жөнелсін алып таң жырын.
Бұлбұл да мүмкін бағында
Сайраған шығар сұңқылдап.—
Күлімдеп келген тауыма,
Көктеммен ғажап сыр тыңдап. .....
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Таң алдында)

Баласымен келеді ана
Түн ішінде тас қараңғы.
Атылған оқ, қанды дала
Толған үрей басты маңды.
Басты маңды толған үрей,
Жас баланың түсі қашты.
Қорқыныш па әлде дүлей,
Көрді нені, бала састы.
Елестеді көз алдына,
Түсі суық әлде біреу.
Нендей пәле, қандай ғана .....
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Қария мен дария)

Алтын сақал омырауын алқалап,
Қария тұр қабағынан ой тарап.
Күркірейді орғып долы дария,
Аласапыран толқындарын арқалап,
Шал сөйледі күліп қана мұртынан:
«Уа, бүлікшіл жарға сыймай бұлқынған,
Білмейсің-ау...
Батыр қолдар түйіліп,
Келе жатыр төніп сенің сыртыңнан».
Саған шоқ-шоқ!
Неге есіріп тасыдың?—
Батты маған сенің кесір-асырың .....
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Освенцим)

Алдымда тұр көрініс жан шошырлық,
Ошағы бұл дозақтың жаңа сөнген.
Мұнда өртелген жас өмір, миллион тірлік...
Жандар рухын бұл жерге күлмен көмген.
Күнәсіз қандар иісі мұнда аңқыған,
Құпия ыңырсыған мұнда өліктер.
Адамдардың сүйегі шала жанған .....
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Эпилог)

Бұл жырым әлі ұласар,
Майданда шыққан шерумен.
Әлі талай бел асар
Мылтықты сол керуен.
Комиссар жортар жол ұзақ,
Ізінде жосып жыр қалар.
Куә ме жырым жалғыз-ақ,
Кітап қой сонау қырқалар,
Оқушым, өзің ашып көр,
Тарихтың тарғыл беттерін.
Осынау біздің асыл ер
Көрсетер өмір дәптерін. .....
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Менің даңқым)

Өрінде Европаның басып алшаң —
Келемін —
Қолбасшыдай тым тәкаппар.
Наполеонға —
Егер кез бола қалсам —
Мақтанатын менің
Зор атағым бар...
Жарқырап менің алтын иығымда,
Таңғы шолпан нұрыңдай екі жұлдыз.
Келемін
Менің шаттық қимылыма,
Таң қалғандай .....
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Қарақұм)

Қара сұр қалың мұздай қуқыл жазық,
Үстінде аласапыран құм құлазып,
Жөңкіген жойқын тобыр секілденіп,
Тас бұрқан сұрапылын қырға жазып.
Дауылы жоталарды жүндей түтіп,
Қаңғыған құла дүзде құм құтырып.
Жандырған селдір-селеу дала түгін
Жалақтап қызыл жалын жел жұтынып.
Жәндік те, жануар да, шошып аң да
Тыным ап тұра алмаған осы маңда. .....
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Азатпын сол шаққа)

Көремісің күн сүйген шың басынан,
Таңғажайып әлемді тың ашылған?
Көремісің теңіздің құдіретін,
Толқындаған айбынды тұлғасынан?
Құзыңнан да биікке астым міне,
Қалың толқын қауыммен бастым бірге,
Көріп тұрмын әлемді таң-тамаша,
Ертегідей көрінген жас күнімде.
Толқыныңнан айдында тез есемін, —
Шақырып тұр алдымда келешегім. .....
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Есілге)

Көкше мұзды суық сұр
Құрсап қатқан Есілге,
Мұңмен қарап сұлу тұр,
Кім түсті екен есіне?
Сүйенгені — сары ағаш.
Солқылдайды суылдап,
Сүймек боран есуас
Құшағына сұлуды ап. .....
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Бақташы достары)

Шығандап қарды, жамылып сағым,
Бақташы жүрді қаптатып малын.
Алдынан жалын аптайды желмен,
Қайырып малын, асады белден,
Шолады кейде қолбасы сынды.
Жапанды бейне тұйық жау сырлы.
Кейде асау құмы құйындап, тулап,
Түтіліп түгі, көмілер бұлақ.
Шөліркеп малы, бата ма құмға?—
Кім ашып жаны — келеді мұнда?
Сұр жапан дүлей, жалыны — түтек. .....
Өлеңдер
Толық

Қалижан Бекқожин (Партбилет)

Ол келеді
Аттап алға,
Аттап алға,
Барады ол.
Әлсіреген
Басқан әрең,
Үстінде қан
Жаралы ол.
Жар алы ғой,
Жатар ма екен?
Ала бөтен Кім өзі?
Осыншама.
Неге ашынды,
Неге ашулы Мінезі?
Не бар екен
Сонда есінде,
Кеудесінде,
Оқ жатыр. .....
Өлеңдер
Толық