Мерген Тоқсанбай (Жезөкше)

Бір ауыр мұң үйір болып басына,
Кімдер келіп, кім кетпеген қасына?!
Қойынымда жылап жатты жезөкше,
Темекінің иісі сіңген шашына.

Жапырақсыз көңілі күздей тұлданған.
(Бір жақсылық күтті ме екен бұл да алдан?)
Жанын айтам аққу....
Өлеңдер
Толық

Бернияз Күлеев (Күз)

Күні кеше ғана жүз жайнаған,
Құбылжыған сәнді табиғат.
Бүгін көрсең жөнді түр қалмаған,
Солған, өшке, өлген - бәрі жат.
Қатбар - қатбар....
Өлеңдер
Толық

Серікбай Маханов (КҮЗ БЕЛГІСІ)

Күз белгісі , тал жапырақ сарғайған ,
Жел еседі гуілдеп кеп шалғайдан .
Боз қыраулар ізін салған бұтақтан
Ән естіледі шырылдаған торғайдан .

Үн қатады тылсым күз тықырлап ,
Аласұрып жаздың ....
Өлеңдер
Толық

Жүрсін Ерман (Күзгі жыр)

Жоғал әрі санамнан сары уайым,
Қыркүйегім, келдің бе, шаруа айым.
Қырдың қызыл дүзгенін бір иіскемей
Мейіріміне даламның жарымайым.

Жауа берсін ақ жауын себелеген,
Тауып алам бір қуыс......
Өлеңдер
Толық

Әмірхан Балқыбек (Күзгi жапырақ қалтырайды Күнге ұқсап)

Бiрде, ашық, Бiрде шашық аспаны
Күз көтерiлiс бастады.
Кесiп алып тастады әлде өлi етiн,
Әлде сырлы бiр жыр жазып тастады
Жүрегiме,
Әттең, оны оның өзi бiледi ме?

Жалғыздықтан жабығыңқы көңiлiм
Әлдененi iздедi:
Топтала ұшқан тырналардың тiзбегi.
Туған жерге қош.....
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Күз)

Жайып салып алдыңа қалағанды,
Жемісті күз кезінде келе қалды.
Жоқ еместің бәрі бар қоржынында,
Жаратпайды бірақ ол тонағанды......
Өлеңдер
Толық

Серікбай Маханов (КҮЗ СУРЕТІ)

Өзгертті күннің нұры жаздың тағын ,
Бақтардың жаңалаштап жапырағын .
Сұрша күз ен байлықты именденіп
Еңбектің тасқындатты дариясын .

Жамылған жасыл – желек кең даланың ,
Бояуын сырып тастап....
Өлеңдер
Толық

Мұқағали Мақатаев (Күрең күз)

Күп-күрең менің реңім,
Қош енді, қош бол, күрең күн!
Жаз келер және жап-жасыл,
Жақсылық тағы тілермін.
Жадырап өмір сүрермін,
Қош енді, қош бол, күрең күз! .....
Өлеңдер
Толық

Мұқағали Мақатаев (Тағы да күз тағы міне сары таңды ұзақ түн)

Тағы да күз, тағы, міне, сары таңды ұзақ түн,
Уысында тағы да мен ұйқы дейтін тұзақтың,
Ой-хой, шіркін, тағы да бір күзді, міне, ұзаттым,
Өмірімнің есейгенін сезінемін күзде мен,
Алдағыма асығамын, өткенді әсте іздемен, .....
Өлеңдер
Толық

Ерік Еренғазыұлы (Күзде келді аяңдап)

Жазда бітіп,күзде келді аяңдап
күн қысқарып салқын түсті баяулап,
салқын жаңбыр себелейді ақырын
кетіп барат,жазда артына қарайлап.

Балалардың сабағы да,жақын қалды таяды
балалар да,мектеп жаққа алаңдаумен қарады,
ойындарын қимай қимай....
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Күзім келді қайтейін)

Күзім келді қайтейін!
Күзім келді.
Сарғылт бояу жабады ізімді енді.
He бітірем
Жыртықты жамағанда?
He бітірем
Жалғап көп үзілгенді?!
Бола алмаспын тағдырдың еркесі енді,
Не болса да ішімде,
Бер кесемді! .....
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Күздегі көріністер)

I. Сәріден
Хабаршысы алдағы болар қыстың:—
Аппақ қырау жауыпты жердің үстін,
Үстімде бұлт, қасымда ызғарлы жел,
Мен колхозды ауылға келіп түстім.
Жатыр екен қат-қабат еңбек қайнап.,
Біреу астық толтырып, біреу байлап,
Зырыл қағып тынымсыз веялкалар
Бидай ақты мекені желмен ойнап...
Жас қыз да, жас жігіт те, кәрі шал да,
Сүйілген де, сырлас та сүйген жар да
Сол бір еңбек басынан табылғандай,
Әнші де, ел еркесі ақындар да.—
Күз бір қатал тергеуші бейнесінде,
Орнаған әр адамның кеудесінде......
Өлеңдер
Толық