Жұмағали Саин (Екі өзен)

Мыңдар жыл аққан кәрі Еділ
Қасқая тіліп жерімді,
Келмеген кім бар саған бір,

Сүймеген кім бар Еділді.
Жағаңда туған бауырым,
Ақ жарқын орыс ұлдары.....
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Колхоз түні)

Жел де тынған, бір жым-жырт
Кен даланы ой басып.
Жер шеңберін жапты ымырт,
Теңіз көкпен жалғасып.
Кербез аспан шаттанды,
Бетін жұлдыз жасырып.
Көр деп мені мақтанды,
Көзге оттай басылып.
Егінді жер, әсем қыр
Түн сырымен жалғасты.
Көкте жұлдыз, жерде гүл
Бір-бірімен арбасты.
...Күзет. Қырман басында
Ән шырқады Балтабай.
Өзі сүйген жасында
Күзеткені көп бидай......
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Гүлжансың - ау)

Гүлжансың - ау, Гүлжансың,
Тынымы жоқ бір жансың,
Таңмен бірге сайрайсың,
Егінде де, шөпте де,
Гүлжансың - ау, Гүлжансың,
Ойын-тойда думансың,
Тым ерекше туғансың.
Дала боран,
шулайды орман —
Бар денемді қарлы құйын орайды,
Зарлайды жел, шулатады тоғайды.
Тіл қатпаймын, бас имеймін табынып,
От басында отырмаймын қамығып.
Есікті ашып алыс жолға жүремін,
Ақ боранның құшағына кіремін......
Өлеңдер
Толық