Жұмағали Саин (Құлпыра берші, кең дала)

Құлпыра берші, кен, дала,
Гүліңді күнде терейін!
Жапырағыңмен жасыршы,
Қойныңа мен енейін!
Жасауыңды жайнатып,
Алдыма тегіс үйейін,
Нәрестедей балдырған,
Қуанып сақ-сақ күлейін.
Құлпыра берші, кең дала,
Қызығып күнде қарайын!
Махаббат, шаттық бәрін де
Бір өзіңнен табайын.
Гүліңді құшып күн сайын,
Кең бақшаңда жүрейін,
Қанбағандай құмарым
Тағы да сақ-сақ күлейін......
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Көкшетау)

Болғанда сұлу сырлы жаздың айы
Дүкеннің себілгендей иіс майы
Санаттай даласының жайнап гүлі,
Ән салып көтерілер боз торғайы.
Еркелеп сұлу гүлдің қойнына еніп
Жұтқанда жібек желін кеуде керіп.
Күлерсің, қуанарсың, шаттанарсың
Баладай ана сүйген емшек беріп.
Бәу - бәулеп маңдайынан сипап желі,
Тербетер мейірленіп сонда сені.
Ән салып тоқсан түрлі күй тартады,
Өнерпаз сауық құсы дүниедегі.
Тамаша талай сыр бар бұдан өзге......
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Тазаланған төре)

Таң да атты, күннің көзі күлімдеп,
Жердің жүзін оятатын нұрым деп,
Шашқанда нұр, сайрағанда бұлбұлы,
Еңбекші жас менің сүйер ұлым деп.

Жастығынан барлық халық бас алды,
Бетін жуып алдарына ас алды.
Күрсінді де бір жуантық алтын тіс,
Кемсеңдеді шын көзінен жас алды.......
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Ұмытпаймын)

Сенің ғана бесігіңде
Бірінші рет шыққан үнім,
Сенен туған адал қанды
Ақ ниетті менмін ұлың.
Әлі аузымда кепкен жоқ
Емген сүтім, жаным ана.
Сен қамқорым дүниедегі,
Сен тірегім жалғыз ғана.
Күлімдеген күміс күнде
Октябрьден алған сырды.
Ақын - дағы жібектейін
Сонда ағытқан сұлу жырды.......
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Таңқы мұрын қара қыз)

Таңқы мұрын - қара қыз!
Кердең - кердең басасың,
Кес-кестейсің көшені,
Қандай қырдан асасың?!
Таңқы мұрын қара қыз!
Сөз сөйледің тақылдап,
Таң-тамаша қаламыз,
Тілдесейік жақындап,
Таңқы мұрын қара қыз!
Қалғаның не жаратпай!
Түнді аударып қайтып ең,
Қайда жорттың таң атпай!
Танкы мұрын қара қыз!
Бұйралапсың шашыңды,
Сүрмелепсің қасыңды,
«Аяқ» десем, «бас» дейсің,
«Таяқ» десем, «тас» дейсің........
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Қош, бауырым)

Кенеттен алып ұшты, жүрек жанды,
Қайғылы суық сөзді құлақ шалды,
Сұңқылдап радио хабар шашты
Тыңдады барлық әлем, қайғыланды.
Өлді кім? Валерий ме?.. Тандың ба естен?
Аспанды тұрақ еткен, бұлтты кешкен,
Өлімге кім қияды Чкаловты,
Бақытты Отанымның нұрында ескен.
Аспанда ол жүрген шығар ойын салып,
Ер қыран айды айқайлап, күнді оралып,
Жазық төс, болат қанат, құрыш құспен
Бұлтты ойып, жұлдыздардан алқа тағып.
Чкалов арыстаным бүгін өлген,
Жанары отты көздің мәңгі сөнген.
Валерий арамыздан кетті біздің.....
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Метро)

Жер асты сәнді, сұлу, сансыз жұлдыз,
(Секілді жарқырайды түні - күндіз)
Гранитпен мың құбылған қабырғасы,
Бір сарай таңғажайып, бір сұлу қыз...
Астында аяғымның мәрмәр тасы,
Жылтырап көзді тартып қабырғасы,
Ақықпен әшекейлеп әлеміштеп,
Көркемдеп иректелген айналасы.
Сан қызық, көзің тоймас сан тамаша,
Қарайсың құмарланып жас балаша,
Көрді көз гүлденгенін замананың,
Жаса елім, жаңа дүнием, жаса, жаса!
Дегендей қуанышқа батқан ойым......
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Москва)

Ақыл, ойым, жүрегім, тіл мен жағым!
Естір құлақ, көрер көз шамшырағым!
Саған, саған ұлы Отан астанасы,
Жүрегімнің түбінен жыр арнадым.
Мен де бүгін сенімен туған жанмын,
Кремльдің ішінде тұрған жанмын.
Қызыл алаң түбінде сан-сап болып,
Сарайында салтанат құрған жанмын.
Маған артық еш жер жоқ Москвадан,
Орыс, қазақ бір туыс —
Біз — Бір адам.
Сондықтан, қауіп төнген күндеріңде,
Бір сен үшін өлімге бас байлағам!
Міне отыз жыл күн болып енді жарық.....
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Міне ауыл)

Ақын айтқан түрлентіп талай жырдың
Түпкі иесі сұлу сөз көркем сырдың,
Ауыл міне өмірдің пайғамбары
Асқан нұрлы келбеті Октябрьдік.
* * *
Өкініш біреу, ой тоқсан,
Талғап айт, айтар сөзіңді!
Топта да жүйрік бар не сан,
Көтере берме өзіңді!......
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин («Колхоз жолына»)

(«Колхоз жолы» газетінің тұңғыш шығуына)

«Колхоз жолы»
Көптің қолы,
Көп дегенім еңбекші.
Газет айна,

Айдан айға!
Көптен өсіп еңбекші.
«Колхоз жолы»
Көптің қолы, ...
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Алло-алло)

— Алло - алло!
Құлағыма,
Күй келеді, үн келеді.
— Алло - алло!!
Кремльден
Мәскеу маған үн береді.
— Алло - алло!!
Асау жел де
Баяу тыныс алады.
— Алло - алло!!
Алтай, Орал
Үнге құлақ салады.
Көк теңіздей аспанында
Ай да ақырын жүзеді.
Асып иек асқарында
Жұлдыз көзін сүзеді.......
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Қазақ қызы Жанарға)

(Хамар Құрбановадан)

Бармақ болып, достым Жанар, еліңе
Тағат қылмай, саған сауқат іздедім,
Оттай ыстық ақ жүзіңді көруге
Минут сайын шыдамадым, төзбедім.
Жанар үшін деп едім мен, анталап
Көктем гүлі алдыма кеп жиылды,
Қиялыма қанат бітті сол сағат,
Қуанышым дастан болып құйылды.
Сәнді сұлу ерке көктем гүлдерін
Жиды тегіс, саған букет таңдадым.
Піскен анар, тәтті беһдин1 түрлерін
Жанарға деп, Жанарға деп арнадым......
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Бұлбұл)

(Орденді большевик ұстазым Сәкен ақынға арнаймын)

Тәңірі деп талай бұлбұл зарлағанда,
Ай, күнім, ғашығым деп сарнағанда,
Сүй мені құшағыңда өлейін деп,
Арқадан жар сұлуын таңдағанда.
Қандай еді елдің іші, сыңсу - зарлау,
Дертті жан, қаралы әйел, қайғы - сарнау,
Ел қанын бай мен билер төкпеді ме?
Нашарға қиын еді жанын қармау...
Сол кезде төңкерістің тәтті күйін,
Ауылға әкелген еді сенің жырың,
Саңқылдап майдан жақтан көппен бірге,
Сен едің қызыл солдат — шыққан үнің.......
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Жауынгер сөзі)

Томырық өмір мінезі
Тосқауылға алған шақ,
Төтелеп талай тар кезең,
Төніп еді өлім жақындап,
Тоқайласа мен шаптым,
Тоспада ажал тұрғанда,
Тып-типыл боп жан-жақтың,
Тынысы құрып тұрғанда...
Тойтармай бетін қойғам жоқ,
Топырлап фашист қаптасын,
Төңкерілді дзоттар,
Төндіре мылтық атқасын.
Тоқсан кірдім қамалға
«Тоба деп көңілім басылмай»
Тұнжырап тұрды көкте бұлт,
Толастап күнім ашылмай......
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Бала)

Адамға бала сүю бір қазына,
Секілді өшпес алтын, сөнбес мұра.
Уілдеп күнмен ойнап күлген бөбек.

Өмірдің ұқсамай ма бұлбұлына.
Оралып етегіне былдырлаған
Жүгіріп өзін-өзі құр-құрлаған.......
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Достық туы)

Мен білемін. Кешегі майданда өткен,
Достық туын Гитлер атқанда оқпен,
Орыс, қазақ, белорус, украин боп

Сол туға жаудың оғын жолатқан жоқ.
Бірлік, достық бекіді төккен қанмен,
Сіңді бойға адамдық ақыл, армен......
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Шың мен адам)

Тоғайда шың, тау да шың
Жаңғырады күндіз, түн...
Тоқтамайды, тынбайды,
Тек сол әнмен жырлайды.

— Жаңғырады неге шын?
Басылмайды неге ың-жың?
— Адам келді, жол салды,
Биік шыңға қол салды.....
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Айтылмай кеткен аманат)

(Жаудың оғынан қаза тапқан партизандары Әбдеш Ғабдолов пен Василий Шербаковқа ескерткіш)

I
Ауыр бір минут басталды,
Айта алмас.адам тіл жетіп,
Ат қойдық фашист қолына,
Күн аңдысқан түн бекіп.
Дірілдеп кетті жер мен көк,
Дүмпуге ұлы шыдамай.
Дүниеге қайран еттім мен,
Қалайша тұр деп құламай.
Жер бауырлай жөңкіле
Танкі ұмтылды, қызды айқас.
Салмағына шыдамай,
Қақ жарылды қара тас.
Сүзгіледі көк темір,
Жекпе-жекте екі дай,
Дірілдеп жер құйқасы,
Жарқылдады нажағай!.....
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Айрылысқан досқа)

Деушілер сені саналы жан
Өзімді де әм сондай,
Біріміз нұр жанар Шолпан
Екіншіміз алтын ай.

Мен де Шолпан емес екем,
Аспандағы сен де ай,
Біз жабайы жан екенбіз
Кез болысқан тек былай......
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Есімде)

Есімде, менің есімде,
Жаздың сұлу кешінде,
Маңайымда жел ғана,
Құшағымда сен ғана...

Есімде менің бүгіндей,
Даланын қызыл гүліңдей,
Алған демің білінбей,
Қарай бердің күлімдей.....
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Сығалады ай, көк жиегі сөгіліп)

Мөлдір аспан көк торғындай төгілді,
Бір тамаша күйге бөлеп өмірді,
Қуандым да жас баладай шаттандым,

Күлді жүрек, жан сырымды ақтардым.
Колхозда едім. Жаздың сырлы түні еді,
Көкте жұлдыз, жер жайнаған гүл еді......
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Тракторшы)

Колхозға шықтым тағы да
Көрейін деп аралап,
Асықпай жүріп келемін,
Егістік жерді жағалап.
Үстімдегі кең аспан
Жерге нұрын шашып тұр,
Жамырасып жан-жақтан
Еңбек әнін басып тұр.
Топ-топ анау трактор
Егіс жолын қаптаған.
Қанша мыңдар болса да,
Қалдырмайды аптадан...
Кейде қатар, кейде іркіс
Жерге шимай салып жүр......
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Сыншыларға)

(Ілияс Жансүгіровке еліктеп)

«Ей қосаяқ, шара бас,
Жарғақ құлақ жаңалаш»—
Алдыңда қалам, қарындаш,
Қабағын, түйіп жалан, бас.
Отырсыңдар қинап жан.
«Сын» дегенің бейне нан.
Тіссіз кәрі шайнаған
Түршіккендей жан - дене
Еттей шала қайнаған.
Будақ-будақ шығады,
Суырсаңдар қалтаңнан.
—«Қашан - қашан қашаннан»,
Ісің ботқа, түсің жан.......
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Ақта ата-ана борышын)

Таң атты жарқын нұрымен,
Құшақтап біздің өмірді,
Бөленіп қызыл арай,
Мектеп те көзге көрінді:
Бұрынғыдан өзгеше,
Кербез, сұлу сыланған,
Маңайын гүл басыпты,
Балалар жүр қуанған.
Бөбек күйі, жан күйі,
Ана баптап баласын.
Шөп-шөп сүйді бетінен,
— «Сен сабаққа барасың».
— Апа!— деді Гүлзада.
— Айтшы, көзім қарасы!
— Кітаптары қолында,
Мынау үйдің баласы........
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Хош келдің)

Жарқылдап жаңа жылым, келдің маған
Көзім де, көңілім тасып масайраған.
Алтынды таңғажайып бақыт заңын
Жырлайын әшекейлеп мен де саған.
Жақында, төріме шық, отыр бермен!
Қонақсың елімізге бүгін келген.
Сыйлайын құрметіне отанымның
Кәусардай күмісті жыр — жаңа өлеңмен.
Қабыл ал жүрегімнің маржандарын,
Сусын ет шөлдесеңіз тілдің балын.
Арала саяхат қып отанымның
Керікті күн сәулетті бақшаларын.
Көресің Кавказдағы Қазыбекті,
Төбесі оның бұлттан асып кетті.
Гүл егіп баурайына мал қаптатып,
Кәріңді біздің заман еркелетті.......
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Кел, бауырым!)

Кел, бауырым!
Орыс ұлы өзімсін.
Ақыл, ойым, аузындағы сөзісің
Шаршағанда сүйенетін тірегім,
Әрқашан да жарық берер көзісің.
Кел, бауырым!
Той, мереке жасайын,
Саған ыстық құшағымды ашайын.
Тың жерлерді сенімен бір жыртайын,
Енбек әнін сенімен бір шырқайын.
Кел, бауырым!
Партия ұран тастады,
Тағы да зор игілікке бастады.
Сол ұранға жұмылайық бірлікпен.....
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Мұқаңа)

Мақтанымыз теңейтін тауға, Сырға,
Қанша айтсам да бар тұлғаң сыймас жырға,
Тудыңыз Қазақстан жеріндей кең,
Күнде көріп жүзіңді қуанам мен.
Қосшы емеспін, ініңмін сүйер үнсіз,
Махаббатты сақтаймын іште, тілсіз,
Сіз бақшасыз мәуелі, орман, сулы,
Біздер гүлміз — сән болмас бақша гүлсіз,
Мың жаса! Жұбайыңмен, жас балаңмен,
Гүлдей бер бірге сұлу астанаммен.
Жемісті бол, бақытты бұдан да асқан
Тілек сол: аға, іні, қарындастан.....
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Өлеңім менің)

Өлең — маған сыр алғы достың бірі,
Келген үні құлаққа туған күні.
Адам ойы, ақылмен тізген сөздің
Кейі қатал, келеді кейі жылы...
Менің көп өлеңдерім сөзбен тізген
Кеткен шығып ежелгі сыпайы ізден.
Ат қорада,
Суықта, лайсанда,
Жабайы жолдас болып жүрді бізбен.
Серігім деп соқашы бір жас жігіт
Жастығының астына қойды тығып.
Нәзік емес, жабайы өз тілінде
Жазылған өлеңімнің сырын ұғып.
Жұмыскер қартаң орыс іздеп барып,
Өлеңімді дүкеннен көрді алып.....
Өлеңдер
Толық