Ауылға асығамын

Ауылға қарай асығам,
Өрекпіп жүрек тасыған.
Өз үйім өлең төсегім,
Өзіңе ғана бас ұрам.

Шет жақта жүрсем сағынам,
Сезімнің гүлін тағынам.
Уылжып жүрек іздейді,
Өзіңе ғана бағынам

Өлеңдер
Толық

Қыраным шықпай қойды неге үнің?

Сұңқылдап көкке самғар қайда күнің,
Қыраным шықпай қойды неге үнің.
Қара түнек жартысын мүжіп қойған,
Сәулесін төге алмай тұр айда бүгін.

Қара түнек қара бұлт қаптап кеткен,
Түнгі аспанғы жарықты таптап кеткен.
Некен саяқ жұлдыздар әлсіз ғана,
Сәуле шашып көрінер аспан көктен.
Өлеңдер
Толық

Бірлестік кемелі.

Мен білемін мына қаңтар зарлығын,
Мен түсіндім мына жалған соғысты
Көп айтып зарламайын тоқсынап
Жерім менің қазақстаным жарлығын

Қанша жанжал шертіп сатқын келседе
Қанша бақыт айналып келіп өтседе
Мен білемін мына заман тарауын
Тәуелсіз ел түбінде жеңерін.

Өлеңдер
Толық

Түсі игіден түңілме

Менің нәзік сезімімді шымшылап,
Жүрек шіркін қалай ғана тыншымақ.
Әсем жанды адамдармен тілдессем,
Ақын жанды алар сезім қамшылап.

Кей біреудің жан дүниесі жүзінде,
Айнасы боп көз алдыңда тізілген.
Жұрт қайғысын өзімдікі деп қабылдап,
Жанарынан бір тамшы жас үзілген.

Ал біреудің сұп-сұр болған жүзінде,
Көрінеді қысың менен күзіңде.
Адамшылық дәметпейсің ондайдан,
Оған бірдей үйіңменен түзіңде.

Ондай жанның қасында әсте тұра алмай,
Асығасың әңгіме дүкен құра алмай.
Айтқаны өтірік, сөзі шикі бос кеуде,
Осы өмірде мәңгі бақи тұрардай.

Жамандардың алдында сен бүгілме,
Жақсыны біл жанарына үңілде.
Жақсы жанның нұр шашады жүзінен,
Дейді қазақ түсі игіден түңілме.

Өлеңдер
Толық

Сұрапыл зұлмат

Қам көңіл жүрек тулайды,
Жер ана көзін сулайды.
Допша атып сұм тағдыр,
Талай сүйек қурайды.

Сағым белде сары дала,
Сағым қуған мұң бала,
Сарғайып кетті ау үміті,
Бұрылды тағдыр бұлдана

Өлеңдер
Толық

Қасиетті ата мекенім

Арманым менің ұласып бүгін көктемге,
Зеңбірек атып, сіркіреп жаңбыр өткенде.
Қақаған қыста қалайша келді жыр көктем,
Ғашық боп қалсам адамдар мені сөкпеңдер.

Сөкпеңдер мені ғашық боп қалсам жер көкке,
Ғашық боп қалсам далама мынау көсілген.
Төңкеріп тастап кетердей сонау төбені,
Тентек жел мені бетімнен өбіп өсірген.

Қиялым көкке самғаса сенен нәр алғам,
Сезімім менің сол тентек желден жаралған.
Туған жердің әр бір тасы қымбат ғой,
Арқаңда сенің мақсатыма тіке бара алғам.

Өзіңде өстім өзіңді мақтан етемін,
Өзіңмен ғана мақсатыма мен жетемін.
Бабаларымның кіндік қаны тамған жер,
Маңғыстауым қасиетті ата мекенім.




Өлеңдер
Толық

Сейсем ата

Айтамын далам сырын ақтарылған,
Қырынан жота-жота шатқалынан.
Сейсем ата қорымы сыр шертеді,
Тылсым терең тарихтың қатпарынан.

Сан ғасыр ішін тартып жатқан қорым,
Сан ғасыр Ел қасыретін тартқан қорым.
Ұрпақтан ұрпақтарға жалғастырып,
Заманның тылсым сырын артқан қорым.

Көсілген дархан далам төсінде өскен,
Талайдың туған жері кіндік кескен.
Қыйсайған құлпы тастан күреңіткен,
Тарих ізін көремін көкей тескен.

Құлпытаста жазулар сырын ашқан,
Ата-баба аруағы нұрын шашқан.
Желеп жебеп жататын әрдайымды,
Ұрпақтарын бұл күнде ізін басқан.

Бұл жерден батырда өткен, ақында өткен,
Заман жүгін көтерген Ерлерде өткен.
Жерімді жауға тастап кетпеймін деп,
Киелі кең даламда қанын төккен.

Ер Төлеп, Шотан батыр, Сүйін қара,
Ер Қонай, Есен Сейіт, Есекмерген,
Соғыста ерлігімен шыққан дара.
Жан алып, жан беріскен сан ғасырлар,
Кетерме Ел есінен түскен жара.

Сейсем ата ескінің жәдігері,
Сейсемге жерленіпті Ердің Ері.
Сан ғасыр өтсе дағы ескірмейтін,
Тарихтың бір парағы содан бері.

Маңғазым Маңғыстауым киелі Елім,
Сейсем ата жатқан жер - туған жерім.
Ұрпағың басыңа кеп тәу етеді,
Ақтайтын Бабалардың маңдай терін.








Өлеңдер
Толық

Ер кісінің киімі жатпас жерде

Батыста Есенгелді бай болыпты,
Мыңғырған төрт түлігі сай болыпты.
Жеті атадан бері қарай дәулеті асқан,
Болыс болып атағы сай толыпты.

Тоқалынан туылған Бекей атты,
Ұлы болған ақылды, асыл затты.
Данышпан, хат таныған білімді боп,
Беделі елге тарап асып жатты
Өлеңдер
Толық

Өмірге неге келдім мен?

Өмірге неге келдім мен, жауабы қиын сұрақ ғой,
Не бітірдім деген жалғанда мазалайды мені тұрақты ой.
Ізім жатыр мәні жоқ торлайды ойлар, торлайды,
Көңілім толмай өткенге мазалап кейде болмайды.

Жұбатамын кейде өзімді әлі дағы кеш емес деп,
Қынжылам кейде өткенге тұрлаусыз күндер елестеп.
Әттең ай тұлпар болмадым аузымен құс тістеген,
Ғұмырда көңлім толмайды ісіме өзім істеген.

Қалам алсам қолыма бытырап ойлар қашады,
Жуа шыққыр жолына беймаза ойлар басады.
Таң сәріде жатамын ұйқылы ояу маужырап,
Ойыма өлең оралса қаламын кейде абдырап

Жүйелі ойлар барына ақының бүгін сенді енді.
Бойыма біткен талантым бұл күндері жеңді енді,
Қасиетті қара өлең кешіре көр пендеңді,
Сабасына ақының келеді түсіп енді – енді.

19.04.2013 ж.
Өлеңдер
Толық

Шерқала

Шерқала

Шерқала жатыр аспанменен таласқан,
Шерқала жатыр керуендерге жол ашқан.
Шерқала жатыр тылсым дүние тарих ол,
Кең даламның қырларына жарасқан.

Ұлы жібек жолы сенен өтіпті,
Сенің терең сырыңа кім жетіпті.
Дұшпандардың шабуылынан қорғаған,
Шерқаланы Жошы бекініс етіпті.

Талайларға пана болған Шерқала,
Оған жалғыз куә болған кең дала.
Талайлардың сенде қалған сүйегі,
Арқалаған тарих мұңын Шерқала.

Түрікмен-Қазақ соғысының куәсі,
Алынбайтын бекініс болған расы.
Шың басыңа шығып алып жатыпты,
Түрікмендерің қашып жүріп қыр асып.

Берілмеген неше айлар жатсада,
Қазақтар кеп жан-жағынан атсада.
Ортасынан құдық қазып су ішіп,
Жата берген қанша азап тартсада.

Аңдыған жау алмай қоймас қашанда,
Қуғыншылар ойланып сыр ашарға.
Төмен жақтан үңгір қазып іздепті,
Бұның сырын, қалайша айла жасарға.

Шыңырауға кезігіпті сонда олар,
Түрікмендердің құдығы екен су алар.
Судың көзін тас бекітіп тастапты,
Түрікмендер,-деп, сусыз қалып қор болар.

Тау етегі үңгір әлі сақталған,
Адайлардың жауы осылай жанышталған.
Шерқалының сұсты көне тарихы,
Ел аузында дәл осылай хатталған.
Өлеңдер
Толық

250 күн

250 күн басталғалы бүгін соғысқа,
Талай тағдыр бақи жақта тоғысқан.
Қырық шұрық болып жер анада жиырылған,
Қанға тоймас құзғын мынау орыстан.

Зіркілдеген зеңбіректер атқылап,
Тып типыл етіп қалаларды жатты нақ.
Қанды басың бері тарыт, деп жөнелді,
Ажал кешіп Еуропаны шапқылап.

Бейкүна жанның қыршын кетті талайы,
Құрбан болып оқтұмсықтан бытырап.
Көмусіз қалған итпен құсқа нобайы,
Табалап жүр, құзғын көзін шұқылап.

Жерін сүйген Украйна халқына,
Бүкіл әлем риза болды антына.
Осылайша ақпен қара шайқасып,
Күллі әлемде қауіп төнді жалпыға.

Ұлы империя бір мұрсатта басылып,
Бет пердесі қала берді ашылып.
Отанынан безген халқы жосыды,
Тарыдайын басқа елге шашылып.

Жаратқанның құдыреті күшті ғой,
Мың асқанға бір тосқан, деп келер ой.
Украйна халқы кенелері хақ бақытқа,
Жеңіс туын желбіреті жасап тойып

Өлеңдер
Толық