Дипломдық жұмыстар

Дипломдық жұмыстар санатында қазақ тілінде жасалған жобаларды қарап, сатып алу емес тегін жүктей аласыз. Қазақ тілі, математика, информатика, бағдарламалау, қазақ әдебиеті, топырақтану, қаржы, педагогика, дене шынықтыру, құқықтану, география, психология, есеп және аудит, биотехнoлогия және тағы басқа пәндер бойынша дайын дипломдық жұмыстар жарияланған!!!

Қазақ тілі | Қазақ тіліндегі терминжасам жүйесі

Кіріспе
Терминдер жүйесі, жалпы терминология жағдайы тілдің лексикалық құрамындағы бүтін бір мәселе ретінде көптен зерттеліп келеді. Оларды шешуде тіл мамандары да, логиктер де, басқа да ғылым салаларының өкілдері де қатысып, еңбектерін арнады.
Терминологиялық лексиканы зерттеуде және оның қоғам үшін мәнін, маңызын анықтауда А.А.Реформатский, В.В.Виноградов, А.Н.Баскаков, Р.А.Будагов, Р.Ф.Журавлев, М.Ш.Гасымов, Б.О.Орузбаева, Н.А.Щеглова, Д.Э.Розекталь, М.А.Теленкова және В.П.Даниленко, Т.Бертогаевтың еңбектерін ерекше атауға болады. Сондай-ақ қазақ түрколог тілшілері А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Е.Аманжолов, С.Кеңесбаев, Ә.Қайдаров, Н.Сауранбаев, Ш.Сарыбаев,С.Исаев,Ө.Айтбаев, Б.Қалиев, А.Аманжолов, Ш.Құрманбайұлының еңбектерінің де үлесі зор.
Белгілі тіл маманы А.А.Реформатский термин мен терминология ұғымының теориялық мәнін ашуға тырысады. Ол термин, ұғым, сөз түсініктерінің өзара байланысы жөніндегі пікірлерді салыстыра келіп, екі түрлі бағытқа тоқталады: яғни терминді белгілі бір затпен байланысты қарайтындар. А.А.Реформатский терминнің басты белгілеріне тоқталады: «термин емес сөздердің мағынасы контексте ашылу керек те, ал термин сөздер контекске тәуелді емес. Термин сөздерге көп мағыналылық, экспрессия жат» – дейді. Ол терминді 1) терминологиялық жүйенің элементі ретінде; 2) жалпы тіл жүйесінің элементі есебінде қарастырады. [1, 46, 54]
Г.О.Винокур терминдер тек зат есім болуға тиісті деген пікір айтады. Яғни термин болу үшін сол сөз заттануы тиіс. Ол, әсіресе , қимыл атауларына назар аударады. Техникалық терминдердің көбі қимыл мен процесс атаулары болып келеді деген қорытынды жасайды. [2,13]
Н.А.Щеглованың еңбектерінен де осындай пікірді кездестіруге болады. [3,89]. В.Н.Прохорова «Актуальные проблемы современной русской лексикологии» деген еңбегінде терминге мынандай анықтама берген: «Термин- бұл арнаулы қолданыс саласындағы ғылыми немесе өндірістік-технологиялық ұғымның атауы болып табылатын және дифинициясы бар сөз немесе сөздер тіркесі» [4,10]
Термин жөнінде бұдан да басқа пікірлер бар. Атап айтқанда, энциклопедиялық сөздіктердің өзінен мынадай анықтаманы кездестіруге болады.
«Термин- рим мифологиясында шекара құдайы. Термин– терминалдар құрметіне арналған мейрам» дегенді аңғартады. Сонымен бірге термин- шекара, шек деген ұғымды білдіретін латын сөзі. Бұл-1980 жылы Мәскеуде жарық көрген бір томдық «Советский энциклопедический словарьда» берілген анықтама.
О.С.Ахманова «Словарь лингвистических терминов» деген еңбегінде: «Термин (ағыл.) дегеніміз- арнайы ұғымдар мен арнайы заттарды белгілеу үшін жасалған «қабылданған, енген және т.б.» тілдегі арнайы (ғылыми, техникалық т.б.) сөздер мен сөз тіркестері» деген пікірді айтады [5,15]. Термин жөніндегі осындай пікірлерді қуаттай отырып, Д.Э.Розенталь мен М.А.Теленкова терминнің бір ғана мағына беретінін айтады. Тілдегі сөздердің бірсыпырасы көп мағыналы болып келсе, термин жалқы мағына береді, -дейді. [6,16]
Академик І.Кеңесбаев пен профессор Т.Жанұзақов терминнің о баста латын тілінің «шек», «шекара» деген сөздерінен пайда болғандығын айтады. Яғни: «Ғылым мен техниканың, көркемөнер мен қоғам өмірінің алуан түрлі саласына байланысты қолданылатын тұжырымдарды білдіретін сөздер мен сөз тіркестері, атау сөз»- деген пікірге келеді. [7, 17]
В.П.Даниленко өзінің «Русская терминология» еңбегінде орыс тілі терминдерін дұрыс түсіну үшін ең алдымен «Орыс тілі» деген күрделі, жиынтық ұғымның құрамына кіретін элементтер арасындағы иерархиялық байланысты айқындап алудың қажеттілігін айтады. Осындай иерархиялық тізбекте тектік ұғымды, автордың айтуынша, «жалпы ұлттық орыс тілі» деген ұғымды білдіреді. Бұл ұғымға осы тілдің функционалдық тармағы болып табылатын «жалпы әдеби тіл», «диалектілер», «қарапайым сөйлеу», «жаргондар» тобы кіруге тиісті. Ал орыс тілінің терминдер жүйесін автор жалпы әдеби тілдің функционалдық тармағы болып табылатын ғылыми тіліне жатқызады. Осы тілдің лексикалық құрамына жататындығын айтады. [8] Шындығында терминдерді жалпы әдеби тілдің тармақтарының бірі ретінде қарастыратын болсақ, онда өзіне тән табиғатын ескермеген болар едік. Біріншіден, терминдердің пайда болуы әлеуметтік қажеттіліктен туады, адам өміріне ғылым мен техника келді, оны жасаушы топ пайда болды. Олардың жұмыс үстінде бір-бірімен қатынасатын, пікір алысатын тілінде ғылымдық жаңа ұғымдарды білдіретін, сол кәсіппен айналысатындар ғана қолданатын сөздер пайда болды. Осының нәтижесінде мұндай ғылыми ортаның тілі жалпы әдеби тілдің басқа функционалдық тарамдарынан өзгешелене бастады, сөйтіп әдеби тілдің бір тарамы ғылым тілі дүниеге келді....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту

КІРІСПЕ
Адамның барлық нағыз адамдық қасиеттері өз өміріне тәлім-тәрбие нәтижесінде қалыптасады.
Бастауыш сынып оқушыларының таным процестері дамуына оқытудың тигізетін әсері өте үлкен. Дамыта оқыту проблемалары 18 ғасырдан бері зерттелуде. Швейцар ғалымы И.Г.Песталоцци оқу барысында балалардың қабылдау және еске сақтау қабілетін дамыту проблемасын зерттеуді бастаған. Бұл идеяны К.Д.Ушинский, Л.С.Выготский жалғастырған. Д.Б.Занков дамыта оқытуға қазіргі технологияларды қолданып, жалпы ақыл-ойды дамыту жолдарын анықтаған. Қазіргі бастауыш мектеп бағдарламасы барлық таным процестерді жедел дамыту жолдарын ескере отырып жасалған оқулықтар мазмұны ойлауды дамытуға үлкен үлесін қосады. Дегенмен осы проблеманы шешу үшін әр мұғалім ойлау қабілетінің ерекшеліктерін, оны дамыту жолдарын толық түсінуі қажет. Балалардың осы ерекшеліктеріне жан-жақты түсіну үшін бітіру жұмыс тақырыбын «Бастауыш сынып оқушыларының қабілетін дамыту ерекшеліктері» деп анықтадық.
Осы тақырыпты зерттеу мақсатының бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытуға әсерін тигізетін тәсілдері анықтау деп белгіледік. Зерттеу міндеттерін келесі түрде анықтадық:
1. Ойлау қабілеті туралы ұғымды анықтап бастауыш сынып оқушылары ойлау процесінің ерекшеліктерінің ғылыми-теориялық негіздерімен танысу.
2. Бастауыш сынып оқушылары ойлау процесінің дамытуға халық педагогикасы мен психологиясы элементтерін қолдану ерекшеліктерін зерттеу.
3. Ойлау процесті дамытуға шығармашылық тигізетін әсерін көрсету.
Осы анықталған мақсат пен міндеттерді орындау үшін қабілеттің анықтамасы және ерекшеліктеріне сүйене отырып, ойлау қабілетті дамытуға әсерін тигізетін жағдайларды анықтау арқылы, ойлауды дамыту жолдарын зерттедік. Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдап және озық тәжірибелі мұғалімдердің мақалалары мен дидактикалық материалдарымен танысып, оның біршамасын бітіру жұмыста қолдандық.
Жиналған материалдарды логикалық жүйеге келтіріп бітіру жұмысының құрлысын анықтадық. Ол кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
Кіріспеде тақырыптық актуалдылығы дәлелденіп, міндет-мақсаттары анықталды.
Бірінші тарауда қазіргі ғалымдар Д.Б.Занков, М.И.Махмұтов, Б.Тұрғынбаева, В.В.Давыдов, Б.М.Теплов т.б. қабілет табиғаты, бастауыш сынып оқушылырының ойлау ерекшеліктері және оның формалары: ойлау қабілетін дамытуға әсерін тигізетін себептер талданған.
Екінші тарауда оқыту барысында бастауыш сыныпта ойлау процесін дамытуға халық ауыз әдебиеті элементтерін, шығармашылық тапсырмаларды, дидактикалық ойындарды қолданудың тигізетін әсері талданған. Қортындыда ойлау қабілетін дамыту ерекшеліктерін оқу процесінде қолдау туралы нұсқалар жасаған.

1. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1. Қабілетті қалыптастыру жолдары

Адамның қоршаған орта ерекшеліктеріне икемделу, білім мен іскерлікті меңгеру оның қабілетіне байланысты. Қабілет дегеніміз адамның білімді, іскерлікті тез және сапалы меңгеруі. Жаңа туған баланың қоршаған ортаны, өзін-өзі танып білуге қабілетінің нышандары генотипінде болады. Осы нышандар қасиетке айналу үшін бала адамдар арасында өсіп, күнделікті тіршілік барысында қарым-қатынас жасауға, қоршаған ортада өзін емін-ерік сезінуге негіз болады. Барлық адамға тән іс-әрекет түрлеріне адамның қабілеті өз өмірінде қалыптасады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романындағы қос сөздер

Кіріспе.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуымен байланысты қоғамдық өмірдің көптеген саласында өрісін кеңейтіп, жан- жақты атқарар қызметінің өсе түскені белгілі. Осы ретте тілдің дамып өркендеу барысында сөз мағынасы мен оның даму заңдылықтарын арнайы құрастырудың мәні зор. Өйткені тілді адамдар арасында қарым - қатынас жасаудың құралы деп танысақ, сөздер сөйлем құрамында өзара семантикалық синтаксистік үйлесімділікте айтылғанда ғана белгілі бір ақпаратты жеткізе алады.
Сөз күрделі құбылыс, сондықтан оның түрлі қасиеті, мағынасы мен тұлғасы тіпті сөздердің өзара тіркесуі де жеке- жеке тіл саласының объектісі болып жүр. Олар жеке- жеке қолданылуымен бірге бір бірлікте , бір категорияда қолданылады. Демек, жеке тұлға ретінде өмір сүрмейді. Мағынасымен байланыспаса, тұлға өздері тұлға сөз бола алмайды. Сондықтан жалаң формалармен байланыспаған жинақ мағына өмір сүрмейді.
Сөз тұлғасын зерттейтін тіл саласы– сөзжасам мен морфология саласы. Сөз тұлғасы дегеніміз– сөздің мағынасы мен байланысып барып қана сөздің бір элементі болады. Сондықтан сөз мағынасына сүйене отырып, сөздерді тұлғалық негізде екіге бөледі. Осы қасиетке негізделіп , сөздер жалаң сөздер және күрделі сөздер болып екіге бөлінеді. Ал, күрделі сөздер беске бөлінеді: қос сөздер, қысқарған сөздер, біріккен сөздер, кіріккен сөздер, тіркескен сөздер. Диплом жұмысында қос сөздердің лексика- семантикалық, грамматикалық белгілері талданады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Сөз – күрделі құбылыс. Ол тіл білімінің барлық саласының зерттеу нысаны болып табылады. Соның ішінде сөздердің тұлғалық құрылымымен жасалып қалыптасуын сөзжасам мен морфология ғылымы қарастырады. Қазақ тіл білімінде қос сөздердің лексика- семантикалық, грамматикалық қасиет белгілері толық зерттелінді дей алмаймыз. Сондықтан М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы қос сөздер диплом жұмысымыздың негізгі нысаны етіп алынды.
Қазақ тіл білімінде күрделі сөздерге алғаш талдау жасағандардың бірі– профессор Қ. Жұбанов болған. Ол қос сөздерді «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулерінің» «сөз тұлғалары » деген тарауында «қосар сөздер» деген терминмен берген. [1966,151]. Сонымен қатар К.Аханов, Ә.Керімов, А.Есенғұлов, Н.Сауранбаев, Н.Ысқақов сынды ғалымдар азды-көпті еңбек еткен.
Аталған ғалымдардың еңбектерінде күрделі сөздердің біріккен, кіріккен, қосарланған, тіркескен түрлері біршама зерттеу нысандарына арқау болған. Аталған ғалымдардың еңбектерін оқып, зерттей отырып қос сөздердің сөз- жасамдық сипатына байланысты пікірлерінің әр түрлілігін, тіпті қайшылыққа толы екендігін байқадық. Яғни қос сөздерге тән ерекшеліктер толық ашылды деуге болмайды. Қос сөздердің әлі де анықтайтын тұстары баршылық.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері.
Жұмыстың негізгі мақсаты – М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында қос сөздердің қолданылу аясын анықтау, яғни қос сөздердің лексика- семантикалық, грамматикалық белгілерін анықтау. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін алдымызға төмендегідей міндеттерді қойдық:
– күрделі сөздерге, соның бірі қос сөздерге байланысты айтылған ғалымдардың пікірлеріне ғылыми талдау жасау;
– қос сөздердің өзге күрделі сөздерден ерекшелігін айқындау;
– эпопеяда кездесетін қосарлау немесе қайталау арқылы жасалған сөздер жаңа мағынаға ие бола ма? деген сұраққа жауап іздеу.
Жұмыстың зерттелу әдістері.
Жұмысты зерттеу үшін төмендегідей әдістерді қолдандық: талдау әдісі, жинақтау, ой қорыту, жүйелеу, статистика әдістері.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы.
– Күрделі сөздердің ХI ғасырлардан бастап жиі қолданылғандығы анықталды.
– Еркін сөздердің күрделі сөздерге дейін дамуына әрі мағыналық, әрі морфологиялық жағынан дамуы, десемантизация, деформацияға түсуі анықталды.
М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында қос сөздердің мол қабаты анықталды. Олардың семантикалық ерекшеліктері айқындалды.
М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы қос сөздердің қолданылу аясы бұрын соңды зерттелмеген тақырып, зерттеу жұмыстарында көрсетілмеген.
Диплом жұмысының құрылымы.
Жұмыс кіріспе, екі тарау және қорытындыдан тұрады. Оған қоса пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымша материалдар (мысалдар жазылған кеспе қағаздар) берілген. Әр тараудың өзі іштегі құрылымына қарай бірнеше бөлімшелерге бөлінген.

1.1. Күрделі сөздер туралы зерттеулер мен пікірлер.

Әр түрлі жүйеге жататын түрлі тілдерде күрделі сөздердің жасалуында айырмашылықтар бар. Бұл жағдай күрделі сөз туралы түрлі пікірлер туғызуы заңды деп санаймыз. Түркі тілдерін зерттеуші тіл мамандары өздерінің еңбектерінде күрделі сөз мәселесіне де назар аударып, ол турасында байқағандарын көзден таса қалдырмаған. Түркі тілдеріндегі күрделі сөз мәселесінің зерттелуі туралы А.А.Юлдашев былай дейді : «Сложные слова которыми изобилуют тюркские язык, особенно их терминология до сих пор не получили удовлетворительной разработки ни в словарях, ни в грамматических описаниях».....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Кәсіби оқыту | Автомабильдердің электротехникалық және электрондық жабдықтары

Педагогикалық жоғары оку орындарында болашақ “Кәсіптiк бiлiм” мұғалімдерінің кәсіби дайындықтарын жақсартудың маңыздылығы, алдыңғы шарттары: біріншіден оқылатын курстардың мазмұнды оқыту, мектеп
бағдарламаларының талаптарына тығыз байланысты оқытылуы болып табылады; екіншіден, жоғары оқу орындарында қабылданған білім берудің негізгі мемлекеттік стандарттарында оның теориялық және әдістемелік принциптері ретінде оқытудың мазмұны сандық және сапалық жағымен бағалап, жоғарыдағы талаптың орындалу шартына айналуы керек.
Соңғы айтылған мәселе негізінен жоғары оқу орындарына арналған оқу жоспарларында қарастырылатын пәндердің өзара салмақ үлестерін анықтауға септігін тигізері анық.
050120-“Кәсіптiк бiлiм” оқу жоспарларында педагогикалық-психологиялық пәндер мен жалпытехникалық пәндер және мамандық цикліндегі пәндердiң ара салмағы сандық жағынан өзара алшақтығы байқалады. Оның үстіне соңғы пәндердің көлемінің көптігіне байланысты мамандықты меңгеруші студенттер арасында "Педагогтік" кәсіпке қарағанда "Кәсіптiк бiлiм педагогi" мамандығына деген "қызығушылық" қалыптасқан. Оқыту процесіндегі осындай педагогика-психологиялық қарама-қайшылықгар:
- 050120-“Кәсіптiк бiлiм” мамандықтары бойынша негізгі жоғары білім беру стандарттары мазмұнын қайта қарау;
- оқу жоспарының мазмұнын қайта қарау;
- оқыту процесінде оқытудың интегративтік функцияларын арттыруды т.б. талап етеді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Ревматойдтық артритте қолданылатын емдік дене шынықтыру

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Күнделікті өмірде буын аурулары жиі кездеседі. Бірақ қарапайым халық буыны ауырса болғаны оны «ревматизм» дейді. Әрине, бұл қате. Өйткені буын ауруларының (артриттің) түрлері көп. Оның бірқатары (ревматизмді қоса) ескіден келе жатқан созылмалы кабыну процесінің және кейбір жұқпалы аурулардың асқынуынан да болады. Әсіресе тұмау-сүзек, баспа, туберкулез және басқа аурулар буынға жиі әсер етеді, ауру тобына жататын буын ауруларын жұқпалы артриттер дейді. Организмде қоректік заттар алмасуының бұзылуы, нерв жүйесінің зақымдануы және ішкі секреция бездері әрекетінің бұзылуы нәтижесінде буындарда екінші түрлі аурулар басталады. Артриттін бұл түрінде буындардағы қоректік заттар алмасуы және олардың тіршілік әрекеті бұзылады, сондықтан буын қабынуының бұл тобын дист-рофиялық артрит дейді. Түрлі жарақаттар мен денеге түскен ауыр салмақ та артритке ұшырата береді. Көптеген адамды буын ауруы қатты азапқа салады. Егер кезінде жете емделмей, ауру асқынып кетсе, оның салдары адамға ауыр соғады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Биология | Қапшағай суқоймасының Торта балығы ихтиофаунасы

КІРІСПЕ

Қапшағай суқоймасының кәсіптік ихтиофаунасы жерсіндірілген түрлерден құралады. Балық қорының кәсіптік игерілуінің дұрыс жасалмауынан, суқойманың қолайсыз гидрологиялық жағдайы кейбір бағалы балықтардың түрлері үшін суқойманың биоценозы тұрақсыз жағдайға тап болуда. Көбіне балықтардың бағалы түрлерінің популяциясы олармен бәсекелес кәсіптік маңызы аз балықтарға қарағанда кәсіптік ауыртпашылықты көбірек кешуде.
Қапшағай суқоймасы Қазақстан ихтиологтарының бірден көзіне түсті, ең алдымен «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» мамандары мен Әл-Фараби атындағы КазҰУ-нің гидробиология және ихтиология кафедрасының оқытушыларының. Зерттеу жұмыстары көптеген бағыттар бойынша жүргізілді, ол өз кезегінде қайта құрылған суқойманың ихтиоценозының қалыптасу процестерін тануға үлкен үлес қосты. Суқойманың қалыптасуының алғашқы жылдарында ақ қоректік базаны жақсарту туралы ұсыныстар мен кәсіптік балықтардың сапалық құрамы (торта, сазан, тыран, көксерке, ақмарқа) жасалды. Жиналған тәжірибелер арқасында көптеген балықтар популяциясының болашақтағы жағдайына болжам берілді.
Қапшағай суқоймасының ауыр металдармен ластануына байланысты ондағы тіршілік ететін балықтардың жағдайына әсері жаңа зерттеулерді қажет етіп отыр. Қапшағай су қоймасы еліміздегі балық қоры мол және кәсіптік маңызы бар көксерке, сазан, тыран, торта және т.б. балықтар ауланатын суқойма.

Жұмыстың мақсаты: Торта балығының биологиялық көрсеткіштерін зерттей отырып, қазіргі кездегі жағдайына баға беру.
Жұмыстың міндеттері:
1. Торта балығы бойынша жасалған ғылыми зерттеу жұмыстарына шолу жасау;
2. 2008 – 2009 жж. аралығындағы жиналған материалдардың биологиялық анализінің көрсеткіштерінің динамикасын көрсету;
3. Көрсеткіштерді салыстыру нәтижесінде Қапшағай суқоймасындағы торта балығының қазіргі жағдайына баға беру.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Педагогика | Оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы

КІРІСПЕ
Ғылыми-техникалық прогрестің жедел даму барысында, қоғам мен табиғаттың қарым-қатынас мәселесіндегі күрделі шиеленістерді дұрыс шеше білу, бүкіл жер шарының болашағын, әрбір азаматтың өмірін сақтауға мүмкіндік туады. Өйткені, өндірістің дамуы барысында табиғи қорлардың дағдарысқа ұшырауына, қоршаған табиғи ортаның ластануына себепші болып, жаңа дағдарыстардың туындауына ұйытқы болды.
Табиғат әлемі адамдардың тіршілік ету ортасы. Ал, адамдар табиғатсыз өмір сүре алмайды. Соңғы жылдардағы мемлекеттік жоспарларды орындау, өндірісті өркендету негізгі міндет болып, табиғатты (ауаны, суды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін) қорғап, ядролық жарылыстар, табиғат байлықтарын орынсыз пайдалану, табиғатты ауруға ұшыратты. Жұтатын ауамыз, ішетін суымыз, жейтін тамағымыздың құрамында улы заттар көбейді. Заводтардан шығатын қалдықтар сүзгіден дұрыс өткізбестен ауаға таралып, осының нәтижесінде өкпе, рак, жүрек, психикалық аурулар саны көбейіп барады. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, аурулардың 80-90% ішетін ас суынан және жұтатын ауадан туындап отырғаны көрінеді.
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатының артуын қамтамасыз ету мақсатымен, Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2030» атты өз халқына жолдауында адамдардың денсаулығын жақсарту, ауруларды болдырмау және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін экологиялық проблемаларды шешу қажеттігі атап айтылған Президенттің жолдауында: «Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20%-ке себеп болып отыр, ол кейбір аймақтарда жағдайы мұнан да қиын, отандастарымыздың үштен бірі сапасыз тамақтанбау да теріс демографиялық салдарға әкеп соғады; - деді [1].
Озон қабатының жұқаруы, улы тұзды жаңбырлардың жаууы, химиялық заттармен ластануы – адамның іс-әрекетінен жасалған қасірет болып табылады. Табиғаттың осындай күйге ұшырап, еліміздің көптеген жерлерінің апат аймағына айналуының бір себебі – экологиялық білім мен тәрбиенің төмендігі.
Ғылыми-техникалық прогрестің өркендеуі, адамдардың шаруашылық іс-әрекетінің дамуы артып, өндірістің өсуіне қарай табиғаттан алынатын шикізат пен өндіріс қалдықтарының көлемі арытып, айналадағы ортаны бүлдіруде. Қазіргі кезде табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынасты дұрыс жолға қойып, табиғат байлықтарын, көздің қарашығындай сақтап, оны үнемдеп пайдалануда.
Соңғы ХХ ғасырдың екінші жартысында адам баласынан алдынан шыққан, табиғатты қорғау мәселесі, жастарды соған сай оқыту мен тәрбиелеудің қажеттілігі туып, экологиялық мәселелер қазір әлемде өзінің қоғамдық мәні жоғалған алдыңғы қатардағы мәселенің біріне айналды. Сондықтан жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден-бір қажетті кезек күттірмес екендігі 1991 жылғы «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында» және 1992 жылғы «Қазақстан Республикасының білім беру туралы» заңында, 1996 жылғы «Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасында» көрсетілген. Қазақстан Республикасының Конституциясының 6-шы бабы жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттің меншігі екендігі, олардың мемлекет қорғауында болатындығын мәлімдейді, осы конституцияның 38-ші бабы Қазақстан Республикасының азаматтарына табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндеттейді.
Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңының 89 бабының әрқайсысы еліміздің болашағын экологиялық жағынан қамтамасыз ету шараларына арналады. Заңда басқа салалармен қатар педагогикалық жағынан шешілуі тиісті міндеттер белгіленіп, экологиялық тәрбие мен білім берудің жалпыға бірдей және үздіксіз жүргізілу қажеттілігі көрсетіледі[2,3,4].
Өйткені табиғатты аялау, соның негізінде имандылыққа, ізгілікке баулу бала тәрбиесіндегі ұлттық тамырдан нәр алады, яғни, экологиялық ой-тұжырымдар баланың қоршаған табиғат ортасымен және өмір сүріп отырған қоғамындағы қалыптасқан ғылыми ұғым түсініктерімен байланыстырса, соғұрлым өз туған жерін, елін қорғауға тәрбиелейтіндігін ашып көрсеткен. Табиғат арқылы балалардың имандылық сезімдерінің алғашқы нышандарын педагогикалық құндылығын қалыптастыру жайлы Коменский ескерткен.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Банк ісі | Банктік тәуекелдікті бағалау әдістерінің ақпараттық жүйесін тұрғызу

Кіріспе
Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін "ақпараттық экономикаға" ауысу болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын" қабылдағанын жатқызуға болады.
Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды. Әрине, бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады. Қазіргі уақыттарда ақпарат жүйелері есептеу техникасынсыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып жіктеледі.
Ақпараттық жүйе (АЖ) - Экономикалық объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі.
АЖ - ақпараттық жүйе жобасы мен ақпаратты есептеу жүйесінен (АЕЖ) тұратын күрделі жүйе. Ақпараттық жүйе жобасы деп - ақпараттық жүйе тұрғызу мен жұмыс істету шешімдерін сипаттап жазылған техникалық құжат, ал ақпаратты есептеу жүйесі АЖ жобасын жұмыс істетуге бағытталған ұйымдастыру техникалық кешен деп түсінуге болады. АЕЖ мәліметтерді жинауды, өткізіп беруді, өңдеуді, сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып беруді АЖ жобасындағы шешімдерге сәйкес қамтамасыз етеді.
Нарықтық экономиканың функционалды құрылымының ақпарат жүйесіне негізінен экономикадағы ақпарат жүйесі кіреді - бұл экономика бағытындағы қызметкерлерді, техникалық және программалық жабдықтарды, мәліметтерді өңдеу амалдары мен әдістерді, сондай-ақ нақты бір саладағы ақпараттық жүйені қосатын жоғарғы деңгейде арнайы тұрғызылған ақпарат жүйесі. Экономикадағы ақпарат жүйелерінің кіріс құжаттарына ішкі және сыртқы ақпарат жатса, ал шығыс құжаттарына басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат жатады.
Нарықтық қатынасқа көшудегі қаржы және банктік механизмдегі қайта құрулар осы банктік және қаржы ұйымдарының ақпараттық жүйе қызметтерінің бөлімдеріне айтарлықтай әсер етті. Банктік мекемелердің ақпараттық жүйесін құру принципі банктік органдардың иерархиялық құрылымын құрудан көрінеді.
Ұсынылып отырған диплом жұмысының мақсаты - банк қызметіндегі тәуекелдікті оқып-үйренуде жалпы банктың, оның элементтері және нақты операциялары мен келісім шарттарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, міндетті ақпарат негізінде іс-жүзіндегі шараларды өңдеуге негізделген. Аталған шаралар мүліктерге, инфрақұрылымдарға және банктың өзінің өміріне қауіп төндіретін әрекеттер мен оқиғаларды ескертуге, жағымсыз зардап ауыртпалығын төмендетуге немесе олардың пайда болу ықтималдылығын азайтуға бейімделген. Теорияда және іс-жүзінде мұндай қауіптер "тәуекелдік", ал тәуекелдікті алдын алу шаралары және олардың зиянды зардаптарын азайту-"басқарылатын тәуекелдік" деп атау қабылданған.
Банктік тәуекелдік - сол немесе басқа банктер үшін мүмкін болатын қауіп-қатер.
Қазіргі кездегі банктік нарық тәуекелдіксіз мүмкін емес. Ол кез келген операцияда болады, тек тәуекелдік әр түрлі көлемде болуы мүмкін. Сондықтан банктік қызмет үшін тәуекелдікті мүлдем жою емес, оны алдын ала болжап, ең төменгі деңгейге дейін жеткізу маңызды болып табылады.
Соңғы 10 жыл ішіндегі банктік және коммерциялық тәуекелдік құралы белсенді зерттеулер және экономикалық әдебиеттердегі талқылаулар болып келді. Бірақ істелінген теориялық материалдар және алынған білімді баяндау әдістері іс-жүзіндегі сұранысты толық қамтамасыз ете алмайды. Белгілі бір жағдайларда бұл тәуекелдік түрлерінің өзара байланысын, сол сияқты тәуекелдік пен қорғау объектілерінің өзара байланысын, тәуекелдіктің ішкі құрылымдық ерекшелігін адекватты сипаттауға, қауіп-қатерге тән айрықша қасиеттер жиынтығын қажетті дәрежеде айқындауға және оны тіркеуге мүмкіндік бермейтіндігін зерттеулер жүргізетін әдістердің жетіспеушілігімен түсіндіріледі.
Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқару негізінен тәуекелдікке бағалау әдістерін қолдана отырып, қарыз алушының рейтингін, несие рейтингін және Альтманның Z-үлгісін қолдана отырып басқаруды айтамыз.
Диплом жұмысы кіріспеден, теориялық бөлімнен, негізгі бөлімнен, қолданушыға мүмкін болатын облысының ақпараттық жүйесінің деңгейін бағалаудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Банк қызметіндегі тәуекелді басқарудың ақпараттық жүйесін негіздеу бөлімінде пәндік сала, Банк сипаттамасы, ақпараттық, программалық, математикалық, ұйымдастырушылық, лингвистикалық қамтамасыз ету талаптары анықталған және қарыз алушының төлем қабілеттілігін, рейтингін анықтау мәселесінің концептуалды схемасы көрсетілген.
Негізгі бөлімінде банк қызметінде кездесетін аса қауіп төндіретін тәуекелдердің ішінен - несиелік тәуекелге көңіл бөлінген. Қарыз алушының төлем қабілеттілігін, оның бағалау әдістерін-қарыз алушының рейтингін, несиенің рейтінгін зерттеу арқылы несиелік тәуекелдіні анықтап, оны алдын ала болжап, тәуекелдіні ең төменгі деңгейге дейін жеткізу үшін ақпараттық база және барлық есептер кешенін жүзеге асыруда қолданылатын программалық құрал жабдықтар сипаттамасы, математикалық, программалық қамтамасыз етілуі және оның құрылымы берілген. Сонымен қатар бақылаушы есеп пен қолданушыға нұсқау көрсетілген.
Диплом жұмысында қолданылған әдебиеттер тізімі, құжаттардан және программадан тұратын қосымшалар бар.
1 Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы ақпараттық жүйені негіздеу
1.1 Банк қызметіндегі тәуекелдік. Үрдістің экономикалық мәні
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында банктік салада банк әр түрлі операцияларды жүргізу кезінде өзіне қабылдайтын тәуекелдік бақылау дұрыстығының маңызы артады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Журналистика | Маркетингтік ақпарат жүйесі және маркетингтік зерттеу

Бүгінгі жаңа құндылықтардың пайда болуы, бұрынғы стереотиптердің жойылуы, демократиялық қарым-қатынастардың қалыптасуы жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. ХХ ғасырдың басындағы зиялыларымыз айтып кеткендей, елдің дамуы мен тыныс-тіршілігінің айнасы оның баспасөзі екендігі шындық. Қоғамдық пікірді қалыптастырушы бұқаралық ақпарат құралдары да жаңа қатынастарға бейімделе бастады. Сонымен қатар журналистердің санасы да жаңарып, әділетті қоғамның әділ жаршыларына айналды. Журналист еңбегі қоғамға қандай да бір пайда әкелетіндігі шындық. Ең болмағанда қоғамдық пікірді қалыптастырады.
Журналистика мен маркетингтің байланысы неде? Бұқаралық ақпарат құралдары ең алдымен оқырман, тыңдарман, көрермен сұранысын жан-жақты, жете зерттеп алуы керек. Яғни, оның (мақсатты аудиторияның) не оқысы келеді, қандай хабар тыңдап, қандай бағдарламаны тамашалағысы бар? Ал ертең ше? Осындай зерттеуден кейін, аудиторияның мұқтаждығы мен қажеттілігін ескеріп жасалған ақпарат өнімдерінің сұранысқа ие болмауы мүмкін емес. Ал маркетинг – қаржылық, ұйымдастырушылық тұрғыдағы проблемаларды шешеді. “Өндірілген нәрсені сату емес, сатылатын нәрсені өндіру”. Бұл қызметті басқару мен маркетингтің негізгі ұраны. Кез-келген нәрсені өндірмес бұрын тұтынушының қажеттілігін зерттеу қажет. Осыдан келіп бұқаралық ақпарат құралдарының маркетингі ұғымы туады. Бұл жердегі аудиторияға ұсынылатын тауар физикалық зат емес, ақпараттық өнім, журналист материалы. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Журналистика | Қазақтың тұңғыш календарындағы ақпараттық үлгілер

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ халқының көшпелі тұрмыс-салтында аспан әлемінің құбылыстарын бақылау арқылы уақытты білу үшін және ауа райынан алдын ала қалай ақпарат алып отырғандығын білу.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Календарь туралы шыққан кітаптар мен зерттеулерді пайдалана отырып, қазақ халық ауыз әдебиетіндегі Күн, Ай, Жылдарға қатысты жұмбақ айтыстар, мақал-мәтелдер мен тұрақты сөз тіркестері белгілі бір құбылыстың не екенін білдіретін сөздік белгі ғана емес, сонымен бірге белгілі бір құбылыстың төл қасиетін әйгілеп беретін дерек екендігін ұғыну.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Календардағы Күн, Ай, Жылдардың тіліміздегі көрінісі, салт-дәстүрмізден алар орнын сезініп білу.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы Зерттеу жұмыстарының мақсат-міндеттерін.....
Дипломдық жұмыстар
Толық