Видеолар


Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Ұстаз» деректі фильмі

Фильм авторлары Орынбор шекара комиссиясының мұрағатынан патша үкіметінің қазақтарды шоқындыру саясаты қалай басталғанын көрсететін материалдарды тапты. Оқиға Ыбырай Алтынсарин мен орыс миссионері Ильминскийдің кездесуін көрсете отырып баяндалады. Фильмде Алтынсариннің және Ильминскийдің хаттары - Ильминскийдің 1869 жылы ағарту министрі Д.А. Толстойға, Алтынсариннің 1889 жылы В.В. Катаринскийге жазған хаты зерттеліп, христиан миссионерлерінің шынайы пиғылын ашатын үзінділер келтіріледі. 

Видеолар
Толық