Уважаемый пользователь! Приветствуем вас на разделе Вопросов и Ответов портала ZHARAR! Вопросы и Ответы — это система быстрого поиска ответа на любые интересующие вас вопросы. Примите активное участие в развитие системы: задавайте свои вопросы и отвечайте на вопросы, созданные другими пользователями.

12 жасар қызымның бетін қалай тазалауға болады кім жауап бере алады

234 просмотров
спросил 19 Дек, 14 от венера в категории Здоровья, Красота, Медицина
қызымның бетін қалай тазаларымды білмей жүргенде қызымның бетіндегі нүктелер көбейіп жатыр

Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь для публикации ответа на этот вопрос.

2 Ответы

0 голосов
ответил 19 Дек, 14 от mergen

Теріні тазарту дауалары

Теріні тазарту дауалары

Бет терісін терең тазалап, кір мен шаң-тозаңнан, май мен қара дақтардан арылуға көмектесетін бьюти-дауалармен танысайық.    

Әрине бұндай дауаны косметолог маманмен кеңесе отырып, заманауи сұлулық салондарында жасаған дұрыс. Ондайға арнайы қондырғылар, косметикалық заттар тазалауды барынша нәтижелі жасауға көмектеседі.   

Механикалық тазалау (қолмен тазалау)   

Салондарда жасайтын бұндай тазалау шамалы ауырады, алайда өте нәтижелі болады. Дауа барысында сіздің бетіңізді бумен жібітіп, қолмен тазалайды. Бұндай тәсілдің тек бір жаман жағы бар: дауадан кейін бетіңіз қатты қызарады.

Ультрадыбысты тазалау

Ультрадыбыс әсерінен теріңіз артық кір, улы заттар мен қосылыстар, майдан тазарады. Сондай-ақ бұндай дауа жасушалардың қалпына келуіне көмектеседі, нәтижесінде әжімдердің тартылуына бастама бола алады. Байқалатындай әсер алу үшін бұндай дауадан бірнеше мәрте өту керек.

Химиялық пилинг

Бетінде ұшықтары тым көп, акне ауруына шалдыққандарға таптырмас шешім. Оған қоса, бұл дауа теріні жасартады. Алайда бұл теріні тазалау тәсілі барлығына бірдей жаға бермейді, сондықтан бұл дауаға бармас бұрын, косметолог маманмен кеңескеніңіз жөн.

Вакуумды тазалау

Бет терісін тазалаудың бұл жолы механикалық тазалауға ұқсайды, алайда ол сияқты ауырмайды. Оны арнайы вакуумды қондырмамен жасайды. Ол теріге жабысып, одан артық кір мен майды сорып тазалайды.   

Дезинкрустация    

Бұл дауа барысында гальваникалық тоқ қолданылады. Қорықпаңыз, сізді тоқпен ұрмайды, ол жай ғана бет терісін жібітіп, кір мен тозаңды терінің бетіне шығарады. Бұл дауа терісі құрғақ және сезімтал аруларға жарамайды.    

Брашинг (броссаж)       

Атауы қызық бұл дауа айналмалы щеткалары бар арнайы қондырғымен жасалады. Щеткалар терінің өлі жасушалары мен кірді кетіріп, бет терісіне нәзік массаж жасайды.

Салондағы дауаларға жақсы балама ретінде кейбір дауаларды өзіңіз үйде жасасаңыз болады.   

Бумен жібіту   

Бумен жібіту дауасы бет терісін жақсы тазалайды, терідегі қан айналымын жақсартады, ұшықтар мен қара дақтардан арылтады. Егер сіздің бетіңіз құрғақ болса, бұл тәсілді аптасына бір реттен жиі қолданбаңыз. Ал майлы теріге бетті жиірек, тіпті күн сайын бумен тазалауға болады. Үлкен ыдыста суды қайнатып, басыңызды орамалмен жауып, буға бетіңізді жібітіңіз. Бу бетті тазалау алдында теріні жақсы жұмсартады.

Емдік саз маскалары    

Қазірде  дәріханаларда емдік саздың түр-түрі сатылады: қара, ақ, қызғылт, көгілдір, жасыл. Олардың арасынан бет теріңіздің түріне жағатынын таңдап алыңыз. Бұндай маска қолданғанда, мынаны білгеніңіз жөн. Емдік саз маскалары бет терісінен бар кір мен улы заттарды шығарады, терең тазартады. Сондықтан оны қолданғаннан кейін бетіңізде жаңа ұшықтар, қызарулар пайда болуы мүмкін. Бұл тек уақытша, кейін ұшықтар мен қызарулар кетіп, тері таза болады.    

Механикалық тазарту   

Бет терісін кәдімгі скрабпен тазарту да нәтижелі болмақ. Өзіңіздің скрабыңызға ұсатылған кофе, тұз, жаңғақтар қосып, өлі тері мен қара нүктелерден арылыңыз.

Дайындаған: Сания Аринова, дереккөзі

0 голосов
ответил 19 Дек, 14 от mergen

Барлық уақытта әйелдер әдемі болуды армандаған. Ол олардың байлықтарына байланысты болған жоқ, сонымен қатар әлеуметтік топқа жатқан жоқ. Олар сүйікті еркектеріне ұнағылары келді, таныс емес еркектерге таңқалушылық көзқарас танытқылары келді. Білімділер осы уақытқа дейін теріге күтім жасаудың көне құралдарын бұрыннан қалып қойған тәсілдерін іздеп тапқан.

 

Осы уақытқа дейін де жағдай өзгермеген. Сол қалпында әйелдер өздерінің денесі мен бетіне массаж жағып кетік жерлеріне көңіл бөлуге ұмтылған. Өздерінің жас көрінулерін, терілерінің серпінді, таза, нәзік, бет-әлпеттеріне қызғылт рең тарағанын қалап теріге аса көп мән берген. Ондай нәтижеге жету үшін қазіргі заманғы косметолог фирмалар әр түрлі косметикалық құралдардың кең таңдауларын ұсынады. Сондықтан қырық-елу жасқа келген әйелдер өз жастарына қарағанда әлде қайда жас көрінуінің себебі осында. Бірақ бір ғана танымал фирмалар ұсынған кремдерді қалта көтермейді. Алайда барлық әйел әдемі болуды қалайды.

Терінің қоректенуі

Теріні тазартқасын, оның қоректенуімен айналасу қажет. Есте сақтау керек, тері қоректік құралдарды таңертен, күндіз және кешке талап етеді.

Қоректік маска үшін тәжірибеге барлық жемістер мен көкөністерді пайдалануға болады. Бұл маскалар көптеген дәрумендерді құрайды және терінің жақсаруы үшін қолданылады. Жақсы маска қиярдан, қызанақтан, тыква, банан, кивидан жасалынады. Үздік нәтиже үшін теріге қолданатын қажетті жемістер мен көкөністердегі дәрумендерді білу керек, Витамин А. Құрғақтықты жақсартады, өлі жасушаларды ашып, теріні жұмсақ қылдырады. Витамин А бәрінен бұрын құрғақ теріге қажет.

Витамин Е. Теріні солып қалудан сақтайды. Ол терінің үстіңгі қатпарына енеді. Жемістер мен көкөністерде Е дәрумен болса теріні жұмсақтатады, күн сәулесі үшін жеңіл фильтр болып табылады.

Витамин С. Тері үшін ең жеткіліксіз дәрумен болып саналады.

Әйелдің келбеті сыртынан басталады. Теріні күтудің үш түрлі себебі бар: тазалау, қоректену және тонусты ұстау. Егер осы көрсетілгендердің біреуі сақталынбаса, нәтиже мүлдем болмауы мүмкін.

Тазалау

Тазалау бет күтімінің ең бірінші этапы болып саналады. Теріні тазалау таңертең, күндіз, көбінесе кешкі уақытта тазалаған дұрыс. Шаң және басқа да кірлер терінің демалуына, дәрумендерге және қоректенуіне кедіргі жасайдыы.

Үнемі кешкі уақытта бетті тазалау жеткіліксіз, ал таңертең теріні жеңіл-желпі тазарту жеткілікті. Таңертен қайнатылған суық сумен жуынған абзал, су құбырындағы сумен және сабынмен жуыну қажет емес. Осылай жуынғаннан кейін физикалық және психикалық стресс әсерінен терінің нашар болуына шалдықтырады.

Басты қызмет атқаратын ылғалды коллаген және тканнің бекуі маңызды.

Витамин К. Өршудің дамуына әкеліп, ісікті азайтады. Жемістер мен көкөністердің құрамында кездесетін бұл дәрумен сыртқы қолданыс үшін дақ түскенде пайдаланылады.

Тонусты ұстау.

Солып қалған тері тазартудан кейін эпидермистегі ылғал құрамына жақсы әсер ететіні белгілі. Егер су көлемі азайса, сол сәтте кедір-бұдырлы болып, серпінділігін жоғарылатады, ұсақ әжім пайда бола бастайды. Бұл тәрізді барлық тері түрлерінде сондай болып, сондықтан оған тонизирлық емшаралар қажет. Осындай емшаралардың нәтижесінен кеңейтілген тері тартыла бастайды, тығыздама темірлердің белсенділігі төмендейді, тері ылғалға қанығады. Тері тазартып, қоректіндіріп, тонизация жасау арқылы сіз өзіңіздің бойыңыздан шаршағандықты, ширыққанды сезінесіз де күштін пайда болғанын байқайсыз.

Бірақ осыдан соң тері құрғай бастап, қызыл дақтар пайда болады. Бұған қарап сабын беттегі майды жоғалтатынын байқаймыз. Суды жұмсарту үшін кәдімгі ас содасын пайдалануға болады. Ол үшін 1 стақан суға 1 ас қасық соданы қосып, қайнатамыз да суытып қоямыз. Жуыну үшін 1/4 бөлік стақан суды 1,5 л сумен араластырыңыз. Ең қарапайым, кең таралған және пайдалы әдіс кешкі мезгілде мойынды және бетті тазарту үшін өсімдік майын қолданған абзал. Бұл емшараға кез-келген өсімдік майының түрі немесе сүйексіз май жарайды. 1-2 Қасық майды 1 -2 минут фарфорлық рюмочкаға немесе баночкаға ыстық суға салып қояды. Мақталы тампонмен жеңіл-желпі маймен терінің барлық үстіңгі бөлігін тазартуға болады. Содан соң майды шылқылдатып жағады. 2-3 минут өткен соң мақтамен сүртіп, лосьон, шай, ыстық сумен тазартуға болады.

дереккөзі

Загрузка...

837 вопросов

1,005 ответов

265 комментариев

27,990 пользователей

...